Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Маширова Анар Қалымжанқызы Cабақтың тақырыбы: «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі322,88 Kb.
#195589
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
тілім менің Маширова А

Топ « Тарлан»

  • Топ «Алғыр»

    Енді әділ қазылар алқасымен таныстырайық - Тілдерді оқыту орталығының директоры: А.Е.Қайрмденова
    Тілдерді оқыту орталығының әдіскері: Ж.Қ.Махметова
    Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы: А.К.Мадиева
    Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
    І - кезең «Ой қозғау» – 10 сұраққа әр топ жауап беру керек
    «Тарлан» тобының сұрақтары

    1. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

    2. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

    3. Аптада неше күн бар? Күндердің аттарын атаңыз.

    4. Жыл мезгілдері нешеу? Атап айтыңыз.

    5. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыздар.

    6. Қазақ тілі қандай топқа жатады?

    7. «Ата-ана» синонимин атаңыз.

    8. «Я живу в независимом государстве» сөйлемді аударыңыз.

    9. «Немере» деген кім?

    10. «Кенже» отбасындағы қандай бала?

    «Алғыр» тобының сұрақтары

    1. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?

    2. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?

    3. Бір жылда неше ай бар?

    4. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?

    5. Қазақ халқының ұлттық сусындарын атаңыздар.

    6. Етістік қанадай сұраққа жауап береді?

    7. « Туысқан» сөзінің синоними

    8. «Казахстан – многонациональное государство» сөйлемді аударыңыз

    9. «Жиен» деген кім?

    10. «Тұңғыш» отбасындағы қандай бала?

    ІІ – кезең. «Сыңарын тап» түсіп қалған мақалдардың сыңарын табыңыз.
    «Тарлан» тобынына мақалдары

    1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады)

    2. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

    3. Тіл қылыштан ... (өткір)

    4. Басқа пәле ... (тілден)

    5. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ)

    6. Жақсы байқап сөйлер, жаман .. (шайқап сөйлер)

    7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар)

    «Алғыр» тобының мақалдары

    1. Білім кілті - ... (тіл)

    2. Айтылған сөз - ... (атылған оқ)

    3. Тілден артық ... (қазына жоқ)

    4. Ең ашы да тіл, ең ... (тіл)

    5. Піл көтермегенді ... (тіл көтереді)

    6. Тілге құрмет ... (елге құрмет)

    7. Өнер алды ... (қызыл тіл)




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет