Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Г. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу саласында



бет37/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109
Г. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу саласында:

1. Қылмыстық қудалау мен жазалаудың балама түрлерін кеңейту, оның ішінде медиация рәсімдерін қолдану және сынау, өтеу және бұрынғы құқықтық жағдайды қалпына келтіру арқылы тәрбиелік әсер ету шараларын кеңейту арқылы;

2. Бас бостандығынан айыруға байланысты жазалау мерзімдерін, тек ұзақ қана емес, қысқа мерзімдерін де қысқарту;

3. Қоғам үшін қауіпті іс-әрекеттер тізбесінен кәмелетке толмағандардың статустық құқық бұзушылықтарын да алып тастау;

4. ҚР ҚК-де Конвенцияның 34-бабының мағынасын барынша нақты беретін нормаларды көздеу, осы бапта аталған қағидалардың қоғамдық қауіпті екені даусыз, олар мораль, өнегелілік және адамгершілік нормаларына қайшы келіп қана қоймай, сонымен қатар бал мен қоғамға орасан зиян келтіруге де қабілетті. Осыған байланысты кәмелетке толмағандарды есірткі және психотроптық заттарды өндіруге араластыру, баланы кез келген заңсыз сексуалдық қызметке бейімдеу немесе мәжбүрлеу, балаларды жезөкшелікте немесе басқа да заңсыз сексуалдық практикада қанау мақсатында пайдалану, балаларды порнография және порнографиялық материалдарда қанау мақсатында пайдалану сияқты іс-әрекеттерді криминалдандыру қажет;

5. Әлеуметтік қызметкердің баланың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын зерделеуге және сотта зерттеуге қатысуын көздеу;

6. Қамауды соттық санкциялауды енгізу;

7. Қылмыстық-құқықтық тартысты шешу құралы ретінде және қылмыстық қудалауға балама ретінде медиация рәсімін пайдалану;

8. Тараптар өзара бітім жасасқаннан кейін қылмыстық істі тоқтату жөнінде іс жүргізу тетіктерін әзірлеу;

9. Ұсталған және қамауға алынған кәмелетке толмаған адамдарды тәуелсіз медицина қызметкерінің медициналық айғақтаудан өткізуі;

10. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттарды енгізу, ювенал әділет соттарын даярлауды қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет