Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Қазақстан Республикасындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды де-институционалдандыру тұжырымдамасы



бет39/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109

Қазақстан Республикасындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды де-институционалдандыру тұжырымдамасы

Семья Г.В., психология ғылымдарының докторы,


Мәскеу мемлекеттік институтының проректоры,
ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы

Бүгін Қазақстан Республикасында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласында іске асырылып отырған мемлекеттік саясат, бірінші кезекте, орналастырудың отбасылық нысандарын дамытуға, қиын өмірлік жағдайларға ұшыраған отбасылар мен балаларды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған. Заңнамалық базаны және оны іске асырудың практикалық тетіктерін, ұсынылатын қызметтердің баламалылығын дамыту ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны мен олардың интернат үлгісіндегі балалар мекемелеріндегі үлесін қысқартуға ықпал етуге тиіс. Қазіргі статистиканы талдау, өкінішке орай, жағымсыз үрдістер туралы айғақтайды: 2005 жылға қарай 1999 жылмен салыстырғанда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны екі есе өскен, жыл сайын анықталатын жетім балалар саны ұлғаюда, мысалы: 2004 жылы 12 369 бала, яғни 2003 жылға қарағанда, 12,5% артық болды.

2005 жылға қарай Қазақстандағы білім беру жүйесінің 109 балалар үйлері мен интернаттарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 12823 бала тәрбиеленді. Балалар үйлері мен мектеп-интернаттардағы жағдайлардың отбасылыққа қарағанда айырмашылығы жер мен көктей. Инновациялық отбасылық үлгілерді енгізу (патронаттық тәрбиелеу) елеулі дәрежеде дәстүрлі түрлерін (қамқорлыққа алу және асырап алу) қысқарту есебінен жүргізілуде.

Мемлекеттік құрылымдар назарының шоғырлануы өзгеруге, ал жүйеге салынатын ресурстар жаңа стратегияға сәйкес қайта бөлінуге тиіс екені туралы факт сөзсіз болып отыр.

2005 жылғы маусымнан бастап қазан айына дейін жүргізілген жағдайды бағалау және қорытынды есепте берілген нәтижелер мынадай қорытындылар мен ұсынымдар жасауға мүмкіндік беріп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет