Қазақстандағы «SOS- балалар ауылы» Корпорациялық қорының ұлттық директоры мақұлдаған
Бала құқықтары туралы конвенцияда: «Бала оның тұлға ретінде толық және үйлесімді дамуы үшін отбасы ортасында және бақыт, сүйіспеншілік пен түсіністік жағдайында өсуі қажет», - делінген. Отбасы - бұл қоғамның жүрегі. Отбасында әр бала өзін қауіпсіз сезінеді және отбасы мүшесі екенін сезінуден-ақ рахат алады. Мұнда балалар құндылықтарды түсінуге үйреніп, бүкіл өмір бойы жалғасатын қарым-қатынастарды қалыптастырады. Отбасы ортасы оның жеке өмірін қалыптастыру үшін берік іргетас қалайды.
Бала өмірді тек ересек адаммен қарым-қатынаста ғана біліп-түйсінеді, бұл – оның жақын адамдары, яғни ата-анасы. Отбасы өзінің қалыптастырушылық функцияларын жоғалтып, баланы сыртқа тепкен жағдайда, не істеу керек? Балалар үйі отбасынан айрылған бала үшін игілік жасары сөзсіз. Бірақ тәрбиеші, бар болғаны, тек өзінің борышын атқарып, педагогикалық міндеттерін орындайды. Одан осыдан артық көңіл бөлуді талап етудің өзі де қиын. Ал отбасында ата-ана өзін өзгеше бір құрбандыққа шалады, бала оны өзінің сүйіспеншілігі арқылы қайтарады. Барлық ажырасқан отбасылар өздерін бала үшін, өздерінің отбасылық міндеттері үшін құрбандыққа шала білмеуі салдарынан зардап шегеді. Отбасынан тыс сыртта өскен балада ерекше мінез белгілері қалыптасады, отбасы ортасында өскен құрбы-құрдастарымен салыстырғанда, жақсы не жаман белгілер деп айтуға болмайды, бірақ өзгеше екені анық.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінде белгілі бір шамада балалар үйі дарыта алмайтын мынадай белгілер қалыптасады: біреудің есебінен күн көру, өмірдің материалдық жағын түсінбеу, еркін, реттелмеген, ерікті мінез-құлық таныту керек болатын қарым-қатынаста қиналу, икемді және тез арада ден қоюға және қарым-қатынастар құруға қабілетсіздігі; инфантилизм, өзін-өзі айқындауы мен өзін-өзі түсінуінің баяу қалыптасуы, өзін тұлға ретінде білмеуі және қабылдамауы, өз тағдырын дербес таңдауға қабілетсіздігі; жағымсыз тәжірибесінің, жағымсыз әдеттерінің және нашар мінез белгілерінің молдығы, ал жағымды құндылықтарының, әлеуметтік қолайлы, табысқа жету мүмкіндіктері мен үлгілерінің жеткіліксіздігі. Мұның себептері интернат мекемесінің өзіндік қазыналық ортасы болып табылады, оған:
ересек адамдардың қарым-қатынастар үздіксіздігі мен баланың тәжірибесін бұзуға әкеп соғатын толық түсінікті ауысып отыруы;
тәрбиешінің отбасындағы ата-ана мен жақындарының «оқиғалық ұстанымына қарағанда», балаға күтім жасау, тәрбиелеу және оқыту объектісі ретінде педагогикалық көзқарас тұрғысында қарауы;
балаларға деген топтық көзқарас және олардың ересектермен эмоционалдық байланысының жоқтығы, бұл баланың өз «МЕН»-ін сараламауына және сезінбеуіне әкеп соғады, баланың барлық іс-қимылдарын оған таңдау және жауапкершілік берместен қатаң реттеу тән.
Ата-ана күтімінен айрылған балаларды тәрбиелеудің өте ерекше тұжырымдамасының авторы Г. Гмайнер өз философиясының негізіне өте қарапайым идея – сүйіспеншілік арқылы тәрбиелеуді, сүйіспеншілік арқылы қолдауды салған. Бүгін біз, бақытымызға орай, педагогикалық ойлаудың бірегейлігінен адамыз және балалар мекемелерінің үйлері әр түрлі болуы мүмкін екені туралы фактіні бірте-бірте қабылдап келеміз. Сондықтан да Австрияда жарты ғасыр бұрын пайда болған Балалар ауылының үлгісін қабылдау қиынға соқпады.
Жетім қалған, тастанды балаларды отбасы ортасында тәрбиелеу туралы ой сол кезде де жаңа идея емес-тін. Бірақ оны балаға өмірі айырған ортаны қайтара отырып, SOS-балалар ауылы ретінде жүзеге асыру алғашқылардың бірі болып, 1949 жылы Герман Гмайнердің қолынан келді.
О баста ұйым Societas Socialis деп аталды, кейіннен SOS болып қысқартылды. Қазіргі заманғы әлем тәрбиелеудің осы үлгісін SOS – көмек сұраушылар үні ретінде біледі, ал оның бастапқы атауын көбісі біле бірмейді. Қазір «SOS Kinderdorf International» деп аталатын халықаралық ұйымның барлық халықаралық құжаттарында: «Шаңырағынан айрылған балалар үшін біз отбасын құрамыз. Біз ата-аналары тастап кеткен не отбасы оларға қамқорлық жасай алмайтын жетім балалар үшін жұмыс жасаймыз. Осындай балаларға біз отбасында берік қарым-қатынастар орнатуы үшін мүмкіндік береміз», деп жазылған. SOS-балалар ауылында отбасылық көзқарас төрт қағидатқа негізделген: әр бала анасының бауырында өскенді қалайды, ол ағайынды бауырларының, апа-сіңлілерінің арасында, өз үйінде, достық қарым-қатынас жағдайында ғана табиғи түрде дамиды. Оларды жеке-жеке талдайық.
Достарыңызбен бөлісу: