Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балларға арналған № 15 көмекші мектеп-интернат



бет27/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   109
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балларға арналған № 15 көмекші мектеп-интернат

Қазақстан Республикасы 1994 жылы бекіткен, құзыретті органдар орналастырған баланың оған күтім жасау, қорғау немесе денесін не психикасын емдеу мақсатында қамқорлыққа алуға, балаға берілетін емді мерзімді бағалауға және балаға қамқорлық жасаумен байланысты барлық басқа да жағдайларға құқығын мойындауды мүше мемлекеттерге міндеттейтін Бала құқықтары туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) 25-бабын басшылыққа ала отырып, Уәкіл жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 15 көмекші мектеп-интернатқа сапармен барды.

Мектеп-интернат 2004 жылдан бастап Республикалық ғылыми-практикалық әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығының ғылыми-эксперименттік алаңы болып табылады.

Мектеп-интернаттың оқытушылары оқулықтар, оның ішінде мемлекеттік тілдегі оқулықтар әзірлеуге қатысады. 2004 жылғы мамыр айынан бастап мектеп-интернаттың базасында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне көмек көрсету жөнінде ресурстық оқу-әдістемелік консультативтік орталық құрылды.

Мектеп-интернатта барлығы 313 бала, 125 қыз бала және 188 ер бала оқиды, олардың ішінде 99 бала мектеп-интернатта тұрмайды. Балалардың жалпы санынан 33 баланы ата-анасы тастап кеткен, 21 баланың ата-анасы ата-ана құқығынан айрылған, 4 баланың ата-анасы түрмеде қамауда отыр. 153 адам мемлекеттік тілде оқиды, 160 адам – орыс тілінде. 66 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы Республикалық деректер базасына енгізілген. Балалардың жасы: 7-ден 10 жасқа дейін – 46 бала, 10-нан 14 жасқа дейін – 194 бала, 14 жастан асқан – 73 бала. Өткен жылы интернат үйіне 51 бала келіп, 62 бала шыққан, оның ішінде түлектер – 40 бала, ата-анасына – 9 адам, басқа балалар үйіне – 2 бала, басқа мектептерге 11 адам кеткен.

1997 жылдан бастап ұжым қызметінің негізгі бағыттарының бірі кемтар балаларды Воронкова жүйесі бойынша түзеу арқылы саралы түрде оқытуды байқаудан өткізу және енгізу болып табылады, 2001 жылғы қыркүйектен бастап мектеп Алматы қаласының Республикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының олигофренопедагогика кафедрасы құрастырған түзеу арқылы оқытатын арнаулы мектептердің жаңа бағдарламасын байқаудан өткізуде.

Конвенцияның 20-бабына сәйкес уақытша немес тұрақты түрде өзінің отбасы ортасынан айрылған бала немесе өзінің жеке қалауы бойынша осы ортада қалғысы келмейтін бала мемлекет кепілдік беретін ерекше қорғау мен көмек алуға құқығы бар.

Мектеп-интернаттың басшылығы Конвенцияның аталған қағидасын ұстанады. Қамқорлықтағы балалардың барынша толық және үйлесімді дамуына қол жеткізу мақсатында мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы құрылған және ол тұрақты жетілдіріліп отырады.

Балалардың басым көпшілігі ақыл-ойы кем балалар болғандықтан, еңбек сабағына басымдық беріледі. Осылайша, барлығы 10 шеберхана, оның ішінде 4 – тігін, 3 – етік тігу, 3 – ағаш шеберхана бар, оларда балаларды еңбек машықтарына үйретеді. Қамқордағыларды кәсіптік баулу олардың болашақ өмірге бейімделуіне мүмкіндік береді, бұл кәсіптік-техникалық оқытуды үұйымдастыру, дамыту мен қаржыландыру және оқуға жәрдем көрсету қажеттігі көрсетілген 8-Ереженің 4-қағидасын іске асырудың оң нәтижелерінің бірі болып табылады.

Мектеп-интернатта оны бітіруге дайындық үстіндегі балалармен жұмыс жоспары жасалған. Оларды өзіне-өзі қызмет көрсету, тамақ дайындау, дыбыс- және бейнетехниканы, тұрмыстық техниканы, байланыс құралдарын, көлікті пайдалана білу машықтарына үйретеді. Түлектерге әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау жөнінде сипаттамалар мен жаднамалар беріледі.

2004 жылғы 31 түлек кәсіптік-техникалық мектепке оқуға түсті, 4 түлек кезектен тыс тұрғын үй алу есебіне алынған, 17 бала жатақханаларда тұрады.

Жыл сайын «Спешиал Олимпикс» желісі бойынша мектеп-интернат тәрбиеленушілері кемтар балаларға арналған әр түрлі спорт жарыстарына (Алматы қаласындағы Орталық Азия елдерінің Бірінші Арнаулы Олимпиада ойындарына, Атырау қаласындағы шағын футбол бойынша «Спешиал Олимпикс» турниріне, Ирландиядағы шағын футбол мен үстел теннисі бойына Халықаралық жарыстарға) қатысады.

Конвенцияның 31-бабына сай мүше мемлекеттер баланың демалуға және бос уақытына құқығын, жасына сәйкес келетін ойындар мен ойын-сауық іс-шараларына қатысуға және мәдени өмірге еркін араласуға әрі өнермен айналысуға құқығын мойындайды. Сонымен қатар 10-Ереже мемлекеттер мүгедектерді өзінің шығармашылық, көркемдік және зияткерлік әлеуетін пайдалануға мүмкіндіктерінің болуымен қамтамасыз еткендері жөн деп көрсеткен.

БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті 2003 жылғы 6 маусымдағы Ұсынымдарының 43-тармағында мемлекеттерге осындай мекемелердегі жағдайларды жақсарту жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынды. Осы мектеп-интернатта жүргізіліп отырған жұмыс аталған ұсынымдарды іске асыруға бағыттталған.

Осындай интернат мекемелерінің қызмет жүйесі Конвенцияның мүше мемлекеттерден балаларға қамқорлық жасау немесе оларды қорғау үшін жауап беретін мекемелердің, қызметтер мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың қызметкерлерінің саны мен біліктілігі, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысында жауап беруін талап ететін стандарттарына негізделуге тиіс.

Осыған байланысты 1991 жылы салынғаннан бері мектеп-интернаттың ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін, сондай-ақ өрт кезінде қажет болатын дабылдың және өрт қауіпсіздігі туралы құлақтандырудың жоқтығына назар аудару қажет.

Мектеп-интернат басшылығы балама көздерден (бинес-құрылымдардан, қайырымдылық қорларынан) қаржы қаражатын тарту жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғау әдістемесіне мұқтаж. Осыған байланысты тиісті мекемелердің қызметкерлері үшін осындай әдістемелерді әзірлеу және үйрету қажеттігі туындайды. БҰҰ Комитеті осы мәселе бойынша мекеме қызметкерлері, оның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін бала құқықтарына бағдарланған қолдаумен және оқытумен қамтамасыз етуді ұсынады.

Тұтастай алғанда, мектеп-интернатқа бару балалардың қолайлы жағдайларда тұрып жатқанын атап көрсетуге мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілер арасында тәрбиешілер үлкен қамқорлық жасап және көңіл бөле отырып, бір-біріне деген игі ниетті қарым-қатынас сезімін дарытуда, бір-бірін қолдауға және бір-бірін түсінушілікке, тәртіпке баулуда. Балаларға тәрбие берудің ең жарқын мысалы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің полицияға болмағаны болып табылады. Директор бастаған мекеме қызметкерлері баланың ересек өмірге жан-жақты даярлау үшін барынша күш-жігер жұмсауда. Мектеп-интернаттан түлеп ұшқаннан кейін балалар бір-бірімен достық байланыстарын үзбейді, ал мектеп-интернат өзінің қамқорында болғандарға мүмкіндігінше көмектеседі.

Мектеп-интернат тәрбиеленушілерін асырап алу практикасы кеңінен қолданылмау фактісі маңызды болып табылады, оны балалар жасының салыстырмалы түрде ересектігімен түсіндіруге болатын шығар. Дегенмен, мектеп-интернат қызметінің кезеңінде кемтар баланы шетелдік азаматтың асырап алу оқиғасы болған. Осы балаға ата-анасы тиісті операциялар жасауды қамтамасыз етіп, оның отбасында тәрбиеленетін толыққанды бала болып қалыптасуына мүмкіндік берді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес бала табиғи ортада өсіп, тәрбиеленуге тиіс. БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитеті балаларды тек шекті және уақытша шара ретінде ғана қоғамдық мекемелерге орналастыруды ұсынады.

Сонымен қатар Комитет отбасы үлігісіндегі үйлерде өсіру және тәрбиелеуді немесе басқа да балама отбасы қамқорлығын күшейту және, тиісінше, балама нысан ретінде институционалдық қамқорлықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды ұсынады.

Республикадағы балалар интернаты мекемелерін жабу мәселесі бұрыннан өзекті сипатқа ие және елімізде тиісті нормативтік құқықтық база әзірленіп, қолданылуда. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен Қазақстан Республикасының патронат туралы және қамқоршылық пен қорғаншылық органдары туралы ережелері бекітілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет