Cабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.12.2016
өлшемі48,95 Kb.
#3461
Cабақ тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев өмірі мен әлемге танылған шығармасы туралы білім беру, толықтыру;

Дамытушылық:Көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру, ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: салыстыру, талдау сабағы.

Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау, Венн диаграмасы, топтастыру, композициялық талдау, инницировка;

Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақта, «Менің атым Қожа» фильм таспасы, слайд;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру;

Құрал-жабдықтарын қадағалау;

Психологиялық сұрақ-жауап алмасу;



Үй жұмысы: Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығын оқу, слайд жасау, қорғау;

Мұғалім сөзі:

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 85 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды.

Шығарманың композициялық құрлымын талдау.

Мұғалімнің сауалдары:/повесть желісімен/

К.Ш.басталуы:/ \

К.Ш. байланысуы:/ \

К.Ш.дамуы:/ \

К.Ш.шиеленісуі:/ \

К.Ш.шарықтау шегі:/ \

К.Ш.шешімі:/ \

ҚОРЫТЫНДЫ:/ \

Сатылай кешенді талдау.

Кейіпкерлерге сипаттама беру.



ҚОЖА

ЖАНТАС

Адал,

Адамгершілігі жоғары,

Қайырымды,

Кішіпейіл,

Уәдеге берік,

Ақындық қасиеті бар,

Үлгерімі жақсы,


Сұм,

Екіжүзді,

Мақтаншақ,

Қызғаншақ,

Көрсеқызар,

Үлгерімі жақсы



Қонақ баланың сұрақтары/оқушылар жауабы мен фильмді салыстыру/.

Сыныпқа ҚОЖА кіреді:

-Сәлем, сәлем, балалар! Балалар мені танисыңдар ма? Иә, мен сол баяғы қара көже атанған қара Қожамын. Жақында жаңа ойын үйрендім.Ол қандай дейсіңдер ме, бұл ойын «Сұрақ-жауап» ойыны.

Қәнекей, ойынды бастаймыз ба? Ойын басталды.

1. Естеріңде ме, жаңа оқу жылының басталар шағында дүкенге кітап алуға келгенім.Сонда бір қолайсыз жағдайға тап болдым. Ол қандай оқиға еді? Сол уақытта бас киімімнің түсі қандай еді?

Жауап: /оқушылардың жауабын экрандағы фильм үзіндісімен салыстыру/05.30.

2.Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салғаным ше...? Естеріңе түсті ме? Жақсы. Сөмкесінен бақа шыға келген Майқанова апайдың іс-әрекеті қандай еді?

Жауап: /оқушылардың жауабын экрандағы фильм үзіндісімен салыстыру/38.00.

3.Сайбек қартпен мен қандай жағдайда кездестім? Ол ақсақал әкем туралы не айтты?

Жауап: /оқушылардың жауабын экрандағы фильм үзіндісімен салыстыру/44.00.

4. Мен үйдегі төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым.

Жауап: /оқушылардың жауабын экрандағы фильм үзіндісімен салыстыру/48.00.

Мұғалім сөзі:

Енді кезекті «Бердібек Соқпақбаев және оның кейіпкерлері» атты сауалнамаға берсек.


«Менің атым Қожа» повесі бойынша сұрақтар
-Қожаның анасының аты (Милат)
Ø Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира)
«Менің атым ҚожаØ » повесі аударылған тіл? (Француз тілі)
«Менің атым Қожа» повесініңØ алғашқы аты? («Өзім туралы повесть»)

-«Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді...» (Миллат, «Менің атым Қожа»)

Оқушы: «Менің атым Қожа» повесі бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине, бұл біздің әдебиетіміз бен кино өнері үшін үлкен жетістік болғаны даусыз...
/Фильм сценарийі- Б.Соқпақбаев, режиссері- А.Қарсақбаев/
Қай-қайсымызға да экраннан көріп жүрген Қожа туралы кітапты жазған Бердібек Соқпақбаевты жақсы көрмеуіміз мүмкін емес. Қожа әрқайсымыздың жанымызға жақын да таныс кейіпкер.

Мұғалім сөзі:

«Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. «Өтірік ештеңе қоспаймын» - деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласын өзіне аударады. Повестің өн бойында мейір қозғайтын, әдеп ұқтыратын және оны әдейілеп оңашаламай, оқиға барысында жымдастырып келтіретін тұстары мол.


Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.

...Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі...


...Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргеннің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!
Қастек Баянбаев
Бағалау.


Үй жұмысы: «Шығырмадағы қай кейіпкермен кездесер едіңіз?», «Қожаға хат» эссе жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 11f4
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f4 -> Сабақтың тақырыбы: Сұлу сазды Гәкку. Үкілі Ыбырай
11f4 -> Сабақ: №27 Мұғалім: А. Б. Рысқұлова Оқушылар саны
11f4 -> Сабақ: Аминдер. Аминдердің химиялық қасиеттері Мектеп : №13 А. Навои жом күні: 14. 03. 2017ж
11f4 -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. Мақсаты Күтілетін нәтиже
11f4 -> Бағдарламасын жазып, деңгейлерді белгілеу. Қонақтар шақыру. \мұғалімдер, ата-әжелер, әке-аналар, шәкірттер.\
11f4 -> Тақырыбы: «Қыздың ары – ұлттың ары!» Қыздармен жұмыс Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет