Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет43/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15

12.6.-сурет. Қатарлас асинхронды шина
Мүмкін болатын схемалардың бірі 12.6.-суретте бейнеленген. Ол жерде жағдайдың екі сызығы: “жөнелткіш дайындығы” және “қабылдауыш дайындығы”. Одан басқа, ол жерде ақпарат үшін n сызықтар және екі стробтау сызықтары: “жөнелткіш стробы” мен “қабылдағыш стробы”. Алдыңғыдай сияқты, басқарушы модуль оның адресін ақпараттық құрға беріп және жөнелткіш стробын қоздыра отырып, модуль – жөнелткішке бағыттайды. Соған ұқсас басқарушы модуль ақпараттық құрға оның адресін беріп және қабылдауыш стробын қоздырып модуль қабылдауышты көрсетеді. Таңдалған модуль – жөнелткіш “жөнелткіш дайындығы” сызығы бойымен сигналдарды жібере отырып, жіберілетін деректердің қол жерлігі туралы хабарлайды.
Таңдалған екі модульдер іс-әрекеттерінің координациясы екі мақсатты орындайды:

  1. Деректер сөзінің берілісі екі жақ беріліске дайын болғанға дейін ертерек орындалуы тиіс.

  2. Деректердің әр бір сөзі бір рет және одан көп емес тасмалдануы керек.

Бұл мақсаттарға сенімді жетуі үшін жағдай сызықтары бойымен сигналдар ауысуының дәл тізбегі алдын ала жазылады. Оны жиі қол алысу деп атайды. Мүмкін болатын жалғыз емес тізбекті жазайық. 12.6-суретте көрсетілгендей жөнелткіш деректерді тасымалдауға дайын емес кезінде бастапқы уақыт моментінде “жөнелткіш дайындығы” сызығы логикалық 0-ден тұрады. Осы кезде “қабылдауыш дайындығы” сызығында деректерді қабылдауға өзіндік нақты дайындығынан тәуелсіз логикалық 0-дерді ұстайды.
Жөнелткіш тапсырысқа жататын деректерді қабылдап алғанда, ол “жөнелткіш дайындығы” сызығында логикалық 1-ді орнатады. Мұндай өзгерісті жауап ретінде қабылдағыш күйі қабылдауға дайын болғанда “қабылдауыш дайындығы” сызығында логикалық 1 орнатады (бұл егер қабылдауыш қабылдауға дайын болған кезде дереу орындалады.) Екі сызықта логикалық 1 болғанда, деректер сөзінің жөнелткіш пен қабылдауыш арасымен тасымалдану орындалады. Қабылдауыш сөзі қабылдап алғанда, ол “қабылдауыш дайындығы” сызылған логикалық 0-ді қайта орнатады. Бірақ мұндай 0-ге өту жөнелкіш сызығында болмайды, қабылдаушыда жөнелткіш дайындығына жауап ретінде дайындық берілісі бағытталады.
Мұндай “қол алысу” кезінде қабылдауыш жөнелткіште жаңа сөз тасымалдануға дайын екенін, ал жөнелткіш сөз қабылдаушы мен қабылданғаны туралы біледі. Одан басқа, 12.7.- суретте көрсетілгендей күйлер сызығындағы сигналда кез келген уақытта екі модульдер орындауын керек ететін іс-әрекеттерді анықтайды.

12.7.- сурет. Асинхронды шина үшін “қол алысу” тізбегі


Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.
чипсет
Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:
· жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді
· енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.
Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.


Әдебиеттер: 3 нег. /443-480/, 3 қос. /58-70/, 6 қос. /76-98/
Бақылау сұрақтары:
1. Чипсеттің орналасуы мекені және қызметі?
2. Шина дегеніміз не?
3. Шина қызметіне қарай қанша түрде болады?
4.Микрокомпьютер шинасының схемасына түсініктеме беріңіз?
5. Асинхронды шинаның қызметі?
6. Адрестік шина дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет