Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері


Неге адамдар ондық жүйеде, ал компьютерлер екілік жүйеде істейді?



бет6/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15

4. Неге адамдар ондық жүйеде, ал компьютерлер екілік жүйеде істейді?


Адамдардың ондық жүйені пайдаланатын себебі – олар өте ертеде санауды саусақтары арқылы жүргізген болуы тиіс, саусақтар саны 10 болған соң, ондық жүйені пайдаланған шығар. Бірақ адамдар басқа жүйелерді де пайдаланған. Мысалы, Қытайда адамдар көптеген кезеңдерде бестік жүйені пайдаланғаны белгілі.

Ал, компьютерлердің екілік жүйені пайдаланатын себебі оның басқа жүйелерге қарағанда біраз артықшылықтары бар:

  • екілік жүйедегі сандарды екі тұрақты қалпы бар техникалық құрылғылармен бейнелеуге болады (ток бар — ток жоқ, магниттелген — магниттелмеген, т.б.), ал ондық жүйе үшін он тұрақты қалып керек болады;

  • информацияны екі ғана қалыппен бейнелеу оңай, әрі сенімді, бұл тәсіл кедергілерге де төзімді;

  • информацияны логикалық түрлендіру үшін буль алгебрасын пайдалану мүмкіндігі бар;

  • екілік арифметика ондық арифметикадан әлдеқайда жеңіл орындалады.

Екілік жүйенің кемшілігі — сандарды жазу кезінде разрядтар санының тез өсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет