Берілген дұрыс ондық бөлшек F санын –негізі q болып келген санау жүйесіне ауыстыру үшін сол F -ті q-ге ондық жүйеде көбейту керек. Сонан шыққан көбейтіндінің үтірден кейінгі бөлшегін қайтадан q-ге көбейту қажет , т.с.с., көбейту процесі көбейтіндінің бөлшегі 0-ге тең болған кезде немесе F санының q жүйесіндегі қажетті дәлдігі табылған кезде тоқтатылады. F санының жаңа жүйедегі бөлшек мәні – көбейтіндінің бүтін бөлігін оларды алу бағытында тізбектеп q-жүйесінде жазудан тұрады. Егер F санының k цифры табылған болса, онда оның абсолюттік қатесі q -(k+1) / 2 санына тең болады.