Cарсенбаева Айжан



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі19,48 Kb.
#121628
1   2   3
Байланысты:
СРОП - 6

Десмургия дегеніміз - таңғыш байлау және қолдану турады ілім. Таңғыш- адам денесіне емдік мақсатта таңылған материал. Таңғыштар адамның жарасын, сынықты т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Әрбір қызметкері таңудың түрлерін білуі керек, кез келген уақытта, кез келген жерде, жағдайда дереу көмек көрсетіп, қан тоқтатып, жараны байлау үшін таңғышты қолдана білуі тиіс.
Таңғыш жасалған материалына қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді. Қолдану мақсатына қарай:
-Қорғайтын таңғыш болады- ол жараны инфекция түсуден қорғайды.
-Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым жасайды.
-Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын- сынықты не шыққан буынды қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.
-Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған кезде салынады.
-Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.
-Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады.
-Таңғыш ретінде дәкеден істелген бинт, мақта, эластик бинт, торлы-түтікше бинт, мақта-мата материалын қолданады. Материал ретінде – ағаш, гипс, металл, пластмасса, клей т.б. қолданады.
Жұмсақ таңғыштар: бинт, үшбұрыш орамал, клей, праща, эластик, торлы түтікше. Қатты таңғыштар: шина, гипс, пластмасса, клеол, желім.
Жұмсақ таңғыштар 2 бөліктен тұрады:
жараны жабатын стерильді салфетка.
оны бекітетін таңғыш материал.
Көбіне таңғыш ретінде бинтті пайдаланады. Оның спиральді, орап байлау, жорғалата байлау, 8-тәрізді байлау, айқастырып байлау т.б. түрлері бар.
Таңғыш - Жақ-бет сүйектері сынғанда таңғыш арқылы сынған жерді қимылдамайтын жағдайға келтіреді. Үсік, күйік, қанжел т. б. ауруларды емдерде қажетті дәрі-дәрмектерді керек жерге таңады. Ол үшін таңғыш ретінде бинт, орамал, лигатура, желім т. б. заттар қолданылады.
Басқа: "чепец" таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы аркылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапканша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бүл бүкіл таңғыштьщ беріктігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет