Чилдибаева асел жумагуловна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



Pdf көрінісі
бет6/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Алғаш рет Іле және Шарын 
өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі, 
эндемдік 
R.iliensis
кездесетін геоботаникалық сипаттамалар берілді және 
өсімдіктер қауымдастығының флоралық құрамына талдау жасалынды.
R.iliensis
өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің (жапырақ, сабақ) морфо-
анатомиялық құрылыс ерекшеліктері зерттеліп, оларға сипаттамалар берілді. 
Гүлінің, жапырағының, жемісінің, тұқымының құрамындағы биологиялық 
белсенді заттар анықталды. Олардан басқа 
R.iliensis
өсімдігінің үш 
популяциясының да топырағына кесінділер салынып, генетикалық 
горизонттары бойынша морфологиялық сипаттамалар жасалды, әр 
горизонтынан сынамалар алынып, оларға химиялық талдаулар жасалынды. 
Нақтырақ айтқанда, топырақтың қарашірінділер мөлшері, pH мәні және 
ылғалдылық деңгейі анықталды. Сонымен бірге топырағының механикалық 
және химиялық құрамына да талдау жасалынды. Жүргізілген осындай 
кешенді зерттеулердің нәтижесінде 
R.iliensis
өсімдігінің биологиялық және 
экологиялық ерекшеліктеріне қатысты бірқатар жаңа, тың мәліметтер 
алынды. Бұл мәліметтер 
R.iliensis
өсімдігінің зерттеуге алынған 
популяцияларының қазіргі кездегі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға беруге 
және оны қорғауға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. 
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: 
Іле және 
Шарын өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, таралу аймағы 
шектеулі, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің популяцияларын кешенді зерттеу 
нәтижелері негізінде оның қазіргі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға берілді. 
R.iliensis
өсімдігінің Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларындағы 
популяцияларынан жиналған тұқымдары арқылы Іле Алатауының далалық 
биіктік белдеуінде орналасқан «Талғар» қаласы жағдайында интродукцияға 
ендірілді. Бұл жерде олар жақсы өсіп, үшінші жылы гүлдеп, жеміс берді. Осы 
интродукцияға ендірілген 
R.iliensis
өсімдігінен жиналған тұқымдар, түрдің 
генофондын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Экология, 
геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты, Орман 
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және 
фитоинтродукция 
институты» 
шаруашылық 
жүргізу 
құқығындағы 
республикалық 
мемлекеттік 
кәсіпорнының 
«Қазақстанның 
табиғи 
флорасының тұқым банкісі» зертханасына өткізілді. 
R.iliensis
тамаша сәндік 
және дәрілік өсімдік, сондықтан да оның интродукцияға ендірілген 
формаларын селекциялық жұмыстарда, итмұрынның жаңа Қазақстандық 
сәндік сорттарын шығару мақсатында аналық өсімдік (маточник) ретінде 
пайдалануды ұсынамыз. 
R.iliensis
өсімдігінің жемістеріне, тұқымдарына, 
гүлдеріне және жапырақтарына жүргізілген фитохимиялық зерттеулер, 
олардың 
құрамында 
бірқатар 
биологиялық 
белсенді 
заттардың 
болатындығын көрсетті. Оларға «С» дәрумені, антиоксиданттар, эфир 
майлары және басқалар жатады. Бұл заттар медицинада үлкен сұранысқа ие. 
R.iliensis
өсімдігінің жемісінде «С» дәруменінің мөлшері 12,5%-дан асады, 
бұл үлкен көрсеткіш. Егер де мемлекет тұрғысынан қаржылай және басқалай 



қолдау болса, 
R.iliensis
өсімдігінің плантациясын өсіріп, Қазақстанның 
дәрумендік өндірісін қажетті арзан, табиғи шикізатпен қамтамасыз етуге 
дайынбыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет