12
Академик И.О.Байтулин (1987) Қазақстанның өсімдіктерінің қазіргі
кездегі жағдайы және оларды қорғаудың болашағы қандай болмақ деген
мақаласында былай деген: «Соңғы уақыттарда қоршаған ортаға адамның
тікелей немесе жанама әсерінен республикамыздың табиғи флорасының
көптеген түрлері белгілі бір аймақтарда сирек кездесетін немесе жойылуға
жақын түрлерге айналғандығына» алаңдаушылық білдірген [16]. Соған
байланысты Қазақстанда сирек кездесетін, әсіресе эндемдік және реликт
түрлерді популяциялық деңгейде зерттеудің қажеттілігін сөз еткен.
Осы бағытта Қазақстан ботаниктері бірқатар зерттеулер жүргізді.
Мысалы, М.С.Байтеновтың (1985, 1986) зерттеулері бойынша Солтүстік
Тянь-Шанда қорғауды қажет ететін, сирек кездесетін 50-дей эндемдік түрлер
анықталған, ол осы аймақта кездесетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің
жалпы түрлерінің 5,7%-ы деген сөз [17-18]. Осы еңбектерінде М.С.Байтенов
эндемдік түрлердің қалыптасуына қатысты мынадай пікір айтқан: «Эндемдік
түрлердің қалыптасуына екі фактор әсер еткен. Оның біріншісі, мұз
дәуірінде, мұздың солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжуы нәтижесінде
өсімдіктердің бастапқы ареалдары бөлініп, «аралдар» сияқты сақталған
популяциялар негізінде жаңа локальды түрлердің пайда болуына әкеліп
соқтырған. Екіншісі, осы кезде тау жыныстары көтеріліп, Алтай, Саян, Тянь-
Шань сияқты биік таулар пайда болған. Осы тау жоталарының әртүрлі
биіктік белдеулеріндегі жоталардың беткейлерінен бірқатар эндемдік түрлер
өздеріне қолайлы орын тапқан». Осылайша, эндемдік түрлер пайда болған
деген қорытындыға келген. М.С.Байтеновтің ғылыми жұмыстарының басты
нәтижесі Солтүстік Тянь-Шаннан, ол сипаттап жазған 20-дан астам сирек
кездесетін эндемдік түрлер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.
Кейіндеу З.А.Инелова (2010, 2012) Іле өзенінің ортаңғы және төменгі
ағыстарына
жүргізген
зерттеулерінде
сирек
кездесетін,
эндемдік
өсімдіктердің 16 түрін тапқан [19-21]. Олардың басым көпшілігі Іле өзенінің
Қапшағай су электростанциясының төменгі ағысында қалыптасқан, келеңсіз
экологиялық жағдайға байланысты жойылу қаупі төніп тұрғандығын және
олардың популяцияларын геоботаникалық тұрғыдан зерттеудің және
интродукцияға ендірудің қажеттілігін сөз етеді.
2010-2018 жылдар аралығында Н.М.Мұхитдинов пен А.А.Аметовтың
жетекшілігімен Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарындағы сирек
кездесетін, эндемдік және жойылуға жақын өсімдік түрлерінің
популяцияларын экологиялық-биологиялық, геоботаникалық және флоралық
тұрғыдан зерттеп, олардың қазіргі кездегі жағдайына баға беруге бағытталған
бірқатар ғылыми мақалалар алыс, жақын шетелдердің басылымдарынан және
отандық журналдардан жарық көрді. Ол мақалаларда зерттеуге алынған
өсімдіктерге Іле ойпатының тегістігінде кездесетін түрлерден
Достарыңызбен бөлісу: