Цифрландыру қызмет сапасын арттырады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифр­ландыру күнін өткізді



Дата04.10.2020
өлшемі15,04 Kb.
#64044

Цифрландыру қызмет сапасын арттырады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифр­ландыру күнін өткізді. Шара ЭКСПО қалашығындағы Astana Hub аумағында ұйымдастырылды. Оған вице-министр Нариман Мұқышев қатысты.  

Жиынға ІТ саласының биз­нес өкілдері мен өз істерін жаңадан бастап жатқан кәсіп­керлер, бірқатар ІТ мамандары шақырылған екен. Ша­рада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-ми­нистрі өздері тарапынан цифр­­ландыру бағытында ат­­қарып жатқан жұмыстар жайын баяндады. Соңында сұ­рақ-жауап форматына ауы­сып, келушілермен өз­ара пікір алмастырылды. Қа­тысушылар IT-техноло­гия­лар саласындағы өз тәжі­рибелерімен де бөлісті.

«Біз саланы цифрлан­ды­ру мәселесінде ІТ компаниялармен тығыз жұ­мыс істейміз. Себебі авто­маттандыру-цирфландыру мә­селесінде ІТ-на­рық­тағы­лардың тәжірибесі мен ұсы­ныс­тары аса маңызды. Мұ­ның қарапайым мысалы ретінде Электронды еңбек биржасын (ЭЕБ) атауға болады», деді вице-министр.

Н.Мұқышев Электронды еңбек биржасының жұмысы және электронды еңбек келі­сімшарттарын енгізу туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Ол база – бүгінде құрылған, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасының алғашқы іске асырылған жобасы. Оның аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру про­цесі электронды форматқа көшіріліп, жұмыс іздеушілер мен вакансиялардың ірі базасы қалыптасқан. Министрліктің ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күні ЭЕБ қызметін 58 мың жұмыс беруші мен 225 мың жұмыс іздеуші пайдаланған. Сондай-ақ ЭЕБ арқылы 203 мың азамат жұмысқа орналас­тырылып, оның базасында 36 мың бос орын мен 91 мың түйіндеме жарияланған.

«Электронды еңбек биржасы қазір жұмыс істеп жатыр. Енді соның аясында бірқатар жаңа бағыттар ашу­да­мыз. Мысал ретінде «сағат­тар аутсор­сингі» жобасын атауға болады. Біз жұмысқа орналас­тыру тетігі бойынша лот арқылы нарыққа шы­ғарамыз. Яғни, «Егер мына азаматтарды жұмысқа орналастыратын болсаңыз, біз сізге ақша төлейміз» дейтін боламыз», деді Н.Мұқышев. Вице-министрдің айтуынша, аталған жоба шамамен осы жылдың қазан айында іске қосылмақ.

«Сондай-ақ еnbek.kz сайтында біліктілік дәрежесі көр­сетілген азаматтарды жұ­мысқа орналастыруға арналған белгілі бір лот орналастыры­лады. Азаматтар тұрақты жұ­­­мыс­қа орналастырылған жағ­дайда мемлекет төлейтін қаражат көлемі де көрсетіледі. Олардың тұрақты жұмысқа орналастырылуы маңызды. Бір-екі ай жұмыс істеп, одан соң жұмыстан босатылуы жарамсыз», деді министрдің орынбасары.

Мәлім болғандай, қазіргі уақытта 45 жекеменшік жұ­мыспен қамту агенттігі Элек­тронды еңбек биржасын қолданып отыр. 2018 жыл­дың қаңтар-тамыз айлары аралығында олар 8182 бос орынды жариялаған.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/172797-tsifrlandyru-qyzmet-sapasyn-arttyrady


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет