1.Музыка Жетекшісі: Трубинсова О.П
2.Жаратылыстану Тақырыбы:
«Менің ойыншықтарым»
Мақсаты: б
балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру.
Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету.
Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Серуен «Табиғатпен біргеміз»
10.20-11.30
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.
Аспанды бақылау. Мақсаты:
Табиғаттың басқа құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.
Аспанға қарап,ауа райын болжай алуға үйрету.
Қимыл қозғалыс ойыны: Ұшақты қуып жет». «Әуедегі шарлар»
Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша,артқа қарамай шапшаң жүгіру.
Еңбек әрекеті: Ауладағы шыбықтарды жинау
Мақсаты: Еңбекке ынталандыру, бірлесіп еңбек етуге үйрету.
Дербес ойын әрекеті ( өз қалаулары бойынша)
Серуеннен оралу
11.30-11.50
Балалардың киімдерін реттілікпен шешуі, гигиеналық шараларды ұйымдастыру.
Түскі ас
11.50-12.30
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Түскі ұйқы
12.30-13.00
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.