Жұмыстың орындалуы:
Өсiмдiк жапырағының сағағын суға салып, су iшiнде қайшымен кесiп алады. Бұл кезде кесiлген сағақ iшiне
Су толып, олардың ауаға толып суды өткiзушiлiгiне жол берiлмейдi.
Осылай кесiлген жапырақты суға толған Беска сосудына орнатады. Оның сағағы сосудтағы суға малынып тұрады. Беска сосудының сырты құрғақ болуға тиiстi. Осылай даярланған жапырақ Беска сосудымен қоса таразыға салынып өлшенедi. Оның салмағы арнаулы кестеге жазылады. Тәжiрибеде осылай даярланған бiрнеше жапырақты бiр мезгiлде өлшеуге болады. Одан соң, сосудқа салынған жапырақтар 30 минут не болмаса бiр сағат мерзiмiнде сыртқы жағдайларда сақталады. Түрлi сыртқы жағдайлардың транспирацияға әсерiн байқау үшiн жапырақтардың кейбiреуiн жарық сәулеге, басқаларын қараңғы,не болмаса ылғалды камераға салады.
Белгiлi уақыт өткен соң, сосудпен бiрге жапырақтар екiншi рет таразыға салынып, олардың алмағы белгiленедi. Салмағының кемуi буланған судың мөлшерiн көрсетедi. Алынған мәліметтер транспирация қарқындылығын белгiлеуге негiз болады. Оны мынадай теңдеумен табады:
Т Қ = _10000 х С_____ / I /
S t
Мұнда: Т Қ –транспирация қарқындылығы 1 сағатта 10000 см2
жапырақ бетiнен буланған судың салмағы г/ м 2 / сағат
С- екiншi өлшем аралығындағы буланған судың салмағы, гр
S- жапырақ ауданы, см 2
t – тәжiрибе уақыты, сағат
Тәжiрибеге алынған жапырақтың ауданы табу үшiн оны қағаз бетiне салып, үлгiсiн қайшымен кесiп алады.
100 см 2 қағаздың салмағы мен жапырақтың қағаз үлгiсiнiң салмағын
таразымен өлшеп, пропорция арқылы жапырақ ауданын табады. Егер
100 см 2 қағаздың салмағы А гр. болса, жапырақ үлгiсiнiң салмағы В гр. болса, жапырақ ауданы мынадай теңдеумен табылады:
S= π r 2
Табақша бетiнен судың қарқының жоғарыдағы I-шi теңдеумен табады,
Одан соң салыстырмалы транспирация мынадай теңдеумен белгiленедi:
Т= Т қ
Б қ
Мұнда: Т – салыстырмалы транспирация
Т қ - транспирация қарқындылығы
Б қ – табақша бетiнен судың булану қарқындылығы
Сыртқы
орта жағдайлы
|
Өсiмдiк
тер
|
Жапырақтардың салмағы
|
Салмақ
тың 3 минут
аралығында кемуi
|
Транспи
рация
қарқындылығы
|
|
|
1-рет өлшеу
|
2-шi рет
өлшеу
|
|
|
Салыстырмалы транспирацияны анықтау
|
Сыртқы
орта жағдайлы
|
Петри
табақшасының
радиусы
|
Петри
табақ
шасы
ның
ауданы
|
Петри табақшасы
мен, оған құйылған судың
алғашқы салмағы, гр.
|
Петри табақша
сы оған
құйылғансудың 1
сағаттан
кейiнгi
салмағы,
гр.
|
Буланған
судың салмағы, гр.
|
Булану
қарқын
дылы
ғы
|
Салыс
Тырма
лы
транспирация
|
Достарыңызбен бөлісу: |