Ciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы



бет6/36
Дата26.08.2020
өлшемі378,5 Kb.
#77027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
өсімдіктер физиологиясы

Жұмыстың орындалуы:

1 молярлы ерітіндіден 8 пробирка алып, оның әрқайсысына 10-мл-ден мынадай концентрациялы 1,0; 0,6; 0,5; 0,4; 0,3; 0,2; 0,1; молярлы ерітінділер даярланады.

Даярланған пробиркалардың ішіндегі ерітінділер мұқият араластырылып, ол пробиркалардың тұстарына қойылған 8 кәрлен тигельдердің әрқайсысына өз тұсында тұрған пробиркадан 1 мл ерітінділер өлшеп құйылады. Тигельдердегі ерітінділерге тығын бұрғысымен тесіп алынған, көлемі бірдей болатындай үш-үштен жапырақ кесінділері салынады. Жапырақ кесінділері тигельдегі ерітінділерге батып тұруы тиіс. 20 минут өткеннен кейін әр тигельге скальпель ұшымен 3-4 метилен кристалын салып араластырады. Ал кесінділердің өңделу уақыты 30 минут болса, капилляр ұзын түтігімен 3-4 см боялған ерітінді сорылып, тигель тұсындағы пробиркасындағы ерітіндінің орта шамасына апарып, капилляр түтігіндегі ерітінді ағызылады. Боялған ерітіндінің бағытына қарай өсімдік клеткасының су потенциалына тең ерітінді концентрациясы табылады. Мысалы, пробиркадағы ерітіндіде боялған тамшы төмен батса, клетка шырынының осмостық потенциалы ерітіндінің осмостық потенциалынан артық болуынан клетка сыртқы ерітіндінің суын алып қоюлануына байланысты оның концентрациясы және меншіті салмағы артады. Ал, керсінше, пробиркадағы ерітіндінің ішінде боялған тамшы жоғары көтерілсе, клетканың суынан айырылу себебінен боялған ерітіндінің концентрациясы бастапқыдан кемиді.

Егер бір пробиркадағы ерітіндіде соған тұспа-тұс тұрған тигельдегі боялған ерітіндіні ағызғанда, тамшы жоғары не, төмен түспесе ерітінді концентрациясынң өзгермегені. Ондац клетканың су потенциалына тең болғаны. Ол формула бойынша есептеп шығарылады: Ψв = R · T · C · i: мұндағы - Ψв - клетканың су потенциалының атмосфералық күші, R- газ константасы 0,0821; Т – абсолют нөлді қосқандағы температура (Т – 273+ t0 ), С- моль есебімен изотониялық концентрация; i – изотоникалық коэфицент ( сахароза үшін 1, NaCl - 1,5)

Ерітіндіні даярлауда және тәжірибе бақылауларын жүргізгенде 5-кестені пайдалану керек.


Даярланатын ерітіндінің концентрациясы



10 мл ерітінді

Даярлау үшін

Боялған тамшының бағыты

Алынатын сахароза мл.

Қосылатын су мл.

1,0 М

0,8М


0,6М

0,5М


0,4М

0,3М


0,2М

0,1М














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет