Сыраның химиялық құрамы • Глюкоза
• Фоль қышқылы-адамның өсу процесін және имунитетің жоғарлатады.
• Лимон қышқылы
• Сірке суы
• Қымыздық қышқылы
• Фенольдық қосылыстар
Қазақстандық сыра нарығы
Отандық сыра өнеркәсібінің қорытындылары, елімізде «көбікті ішімдіктің» өндірісі 2018 жыл басынан бері 7%-ға артқан. Сонымен бірге, азаматтардың тұтыну көлемі де 9%-дайға ұлғайған. Сарапшылар қазақстандықтардың қымбаттаған арақ-шараптан кетіп, сыраға ден қоя бастағанын айтады.
Отандық сыра зауыттары спирті аздау осы ішімдіктің биылғы тоғыз айда 466,2 миллион литрін жасап үлгерді. Жыл соңына дейін ол 600 миллионға дейін жетіп қалуы ықтимал. Ар жағында миллиард та алыс емес.
Айта кету керек, отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 88%-дан астамын өздері жауып отыр. Олар сыртында бұл өнім Ресейден, Германиядан, Голландиядан, Англиядан, АҚШ-тан, Чехиядан және басқа да елдерден тасылады.
Сыра өндірісі Қазақстанда негізінен Жетісуда шоғырланған. Алматы қаласы мен облысы саладағы барлық өндірістің 62,2%-ын иеленеді. Бұл ретте Алматы қаласы 156 миллион литрін (бір жыл ішіндегі өсім 1%), ал Алматы облысы 134 миллион литрін (өсім – 6,5%) берді.
Осы қоңсылас екі өңірде «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС («Ирбис», «Дербес», «Балтика» және басқа да 27-ден астам маркалар иесі), «Caspian Beverage Holding» АҚ («Алматинское Жигулевское», «Ячменное» секілді брендтер қожайыны), «Первый Пивзавод» ЖШС (Oettinger, «Золотая Кружка» сияқты маркаларға иелік етеді), «Эфес Қазақстан» («Старый Мельник», «Кружка свежего» тектес 15 маркасы бар) алматылық филиалы секілді ірі компаниялар өндіріс көрігін қыздыруда.(7-суретте,заводтардың логотипі көрсетілген)
Өндірісінің ауқымы бойынша елімізде үшінші орынды алатын «Эфес Қазақстанның» бас кәсіпорны Қарағанды облысында орналасқан және жалғыз өзі биыл 75,4 миллион литр сыра қайнатты, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,7%-ға көп.
Қазақстанда алғашқы сыра қайнату зауыттары Қазақ хандығы жойылып, еліміз Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін, ХІХ ғасырдың ортасында қалалар мен станицияларда пайда болған. Ал Кеңес одағының ақырғы кезеңінде республикада 313 миллион литр (31,3 млн декалитр) сыра шығарылатын. Яғни, тәуелсіздік жылдарында бұл өнеркәсіп одан әлдеқайда қарқынды дамуда.
Дегенмен, кеңес кезіндегімен ұқсастығы сол, ол заманда сыра өндірісі толығымен мемлекеттің қолында болса, қазір мұнда екі алпауыт өз дегенін жасап отыр. Сарапшылардың дерегінше, қазақстандық аталған нарықтың бетбұрысы мен сипатын екі негізгі ойыншы – Сarlsberg Kazakhstan мен Efes белгілейді. Олардың жалпы үлесі шамамен 75%-ды құрайды. Сarlsberg Kazakhstan Қазақстанда 1998 жылы «Ақ нар» деген атпен құрылған болатын. 2008 жылдан бастап әлемдегі үшінші ірі сыра қайнатушы компания саналатын халықаралық Сarlsberg Group құрамына кіреді. Компания жыл өткен сайын өндіріс көлемі мен нарықтағы үлесін ұдайы өрістетуі арқасында Efes-ті қуып жетіп қалды. Сarlsberg Kazakhstan сарапшылары қазірдің өзінде Алматы, Астана және Шымкент секілді үш мегаполис нарығын ен жайлап, осы өңірлерде көшбасшыға айналғанына сендіріп бағады.
1997 жылы негізі қаланған Efes Kazakhstan да 80 компаниядан тұратын халықаралық Anadolu Group тобына кіреді. Елімізде сыра өндірісі тұрақты түрде артуда. Мәселен, 2013 жылы 460,6 миллион литр «көбікті ішімдік» жасалса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 490 литрге, 2015 жылы 474,8 миллион, 2016 жылы 506,2 миллион, 2017 жылы 564,3 миллион литрге жетті. Сондықтан инвесторлар мен халықаралық сыра концерндері үшін сектор тартымды болып қалуда. Сонымен бірге, бір алаңдататыны сол, кейінгі жылдары Қазақстанда сыра ішу көлемі жан басына шаққанда 28 литрден 32-ге дейін ұлғайған. Мұның негізгі себебі ретінде сыраны құйылмалы күйде сататын орындардың көбеюі және азаматтардың жыл сайын құны қымбаттап келе жатқан арақ-шараптардан спирті аздау ішімдіктерге ауысуы аталуда.
Осы орайда сыраның көршілерден және алыс шетелден арбаланатын импорт көлемі де серпінді түрде өсуде. Жыл басынан бері сырттан әкелінген сыра ауқымы өткен жылмен салыстырғанда, бірден 31,8%-ға артты. Бірақ соның өзінде импорт көлемі ішкі нарықтың тек 11,6%-ын құрайды.
Алайда бір қынжылтатыны сол, ішкі тұтыныс пен импорттың өсуі аясында отандық өнімнің жаһандық нарықтарға экспорты үштен бірге, 33,6%-ға кеміп кетті. Осылайша, жергілікті өндірушілер өз күш-жігерлерін толығымен дерлік отандық нарыққа бағыттауда және экспорттық экспансияға құлық танытып отырған жоқ деуге болады.
Нәтижесінде, 2018 жылғы 8 айда қазақстандық сыра қайнатушылар әлемдік «қара базарда» тек 2,9 миллион литр ғана өнім өткізе алды. 2017 жылғы жетістігі әлдеқайда мол, 4,4 миллион литр болған. Жалпы, қызуы жоғары ішімдіктермен қатар, сыраның бағасы да көтеріліп келе жатыр. Мәселен, 2017 жылы 6,3%-ға қымбаттаса, 2018 жылғы он ай қорытындысында тағы 8,3%-ға көтерілді. 2019 жылы да осы үрдіс жалғаспақ. Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы сыра акциясінің (алымының) ставкалары 1 литрі үшін 39 теңгені құрап, 2016 жылғыдан бірден 50%-ға өскен. 2018 жылы жүктеме тағы 23%-ға ауырлап, 48 теңгеге жетті. Ал алдағы жылы акция 18%-ға көтеріліп, 57 теңгеге жетеді.[7]
7-сурет
7-сурет. «Карлсберг,Эфес» компанияларының логотипі.
нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіргіштік қасиеті бар
салқындатқыш сусын. Ол шөлді қандырып қана қоймайды, адам ағзасының жалпы
тонусын көтереді, зат алмасуды жақсартады. Сыра қайнату өте ертеден келе жатқан
өндіріс болып табылады. Біздің эрамызға дейін 7 мың жыл бұрын Вавилонда сыраны арпа
уыты мен бидайдан дайындаған деген болжам бар. Содан кейін сыраны дайындау Ежелгі
египетте, Парсыда, Кавказ және оңтүстің Европада кең тарай бастаған. Барлық славян
тілді елдерде сыра деген сөзді кездестіруге болады. Алғашқыда сыра деп сусынның
барлық түрін атаған екен. Славян тілінде «пиво – сыра» және «пить –ішу» деген сөздер
үндес болып келеді. Славян елдері ең алғаш сыра қайнатуда құлмақты пайдаланған деген
де сөз бар.
ХХ ғасырдың 30-70 жылдары сыра қайнату өнеркәсіптері толығымен техникалық
жағынан қайта жабдықталды, көптеген жаңа ірі зауыттар салынды, технологиялық
процестер механикаландырылды және автоматтандырылды.
Қазіргі уақытта көпшілік өндірістер заманауи өнімділігі жоғары жабдықтармен
қамтамасыз етілген. Сыраны құю және мөлдірлетуді жетілдіруге ерекше үлкен көңіл
бөлінеді.
Сыраны дайындау кезінде көптеген физика-химяилық, биохимяилық және басқа да
процестер өтеді, олар дайын өнімнің сапалық және дәмдік қасиеттерін негіздейді. Осы
процестреді басқару және жоғары сапалы сусын алу – жұмысшылардың технология және
жабдықтар жөнінде білімдерінің жоғары болуын және жұмыс істеу әдістерін білуді,
жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты сыра өндірісі жайында толық зерттеу
жүргізу, яғни сыра өндірісінде пайдаланылатын шикізаттардың түрлері, оларды өндіру
технологиясы, технохимиялық бақылау, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және т.б.
мәліметтер жинау болып табылады.
Сыра-жағымды күйікті, құлмақтың хош иесіне ие, ескі аз алкогольді, арпа-уыт
сусын, бокалдың толтырылуында көбіктендірілетің және ұзақ уақыт көбікті ұстап
қаолатын сусын.
Сыра құрамы
• Ашытқы- еңбек сүйгіш микроорганизмдер, бірклеткалы саңырау құлақтар тобына
жатады. Егер сырада ашытқылар болмаса, онда алкоголь мен газда болмас еді.
• Су-мөлдір, иіссіз, түссіз сұйықтық. Ол сырадағы ең басты ингридиент.
• Уыт-болашық сыраның негізі. Өсірілген арпадан дайындалады, және оган күріш
пен жүгері қосылады.
• Құлмақ-шығыстан әкелінетін өсімдік. Ол сыраға қанаққан және жағымды дәм
береді.
Сыраның химиялық құрамы
• Глюкоза
• Фоль қышқылы-адамның өсу процесін және имунитетің жоғарлатады.
• Лимон қышқылы
• Сірке суы
• Қымыздық қышқылы
• Фенольдық қосылыстар
АШЫҚ ТҮСТІ СЫРА ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

• Фенольдық қосылыстар III.Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |