III.Қорытынды
Өткен тәжірибемді қорытындылай келе, мен осы 01.06.2020 – 19.06.2020 аралығында өзіме өте көп тәжірибе жинадым. Тағам өндірісі ішінде,сыра өндіру өндірісінде қолданылатын әртүрлі құрылғылармен,сонымен қатар сыра жасау технологиясымен таныс болдым. Сыра жасау өндірісі кезінде қолданылатын шикізаттарды алу,оларды өңдеу және ары қарай оларды сақтау,тасымалдау,одан өнім өндіру, ашыту өнімдерін өндіру, құлмақ,уыт және сусло сияқты заттардың сыра жасау технологиясында басты рөл атқаратын шикізаттардың технологиясымен, сыра өндірісіндегі биотехнология, нанотехнология қолданыталатын оқу-зерттеу орталықтарымен таныстым. Құрылғыларға шолу жасалынып, мәліметтер алдым.
Сыра-жағымды күйікті, құлмақтың хош иесіне ие, ескі аз алкогольді, арпа-уыт сусын, бокалдың толтырылуында көбіктендірілетін және ұзақ уақыт көбікті ұстап қалатын сусын, аз алькоголдi, кең таралған және әртүрлi елдердегi сүйiктi сусындарың бiрi ,негiзгi шикiзаты— уыт және құлмақ. Сыра қайнату – күрделі технологиялық үдеріс. Сапасы ең жоғары кәріптас түстес сусынды өндіру үшін заманауи технолгиялар және қымбат жабдық қолданылады, дегенмен, сыраны жасауда бар-жоғы төрт құрамбөлік қолданылады: уыт, құлмақ, су және ашытқы.
Сыра – құлмақтың ароматы мен жағымды ащы дәміне ие, ашу процесінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіргіштік қасиеті бар салқындатқыш сусын. Ол шөлді қандырып қана қоймайды, адам ағзасының жалпы тонусын көтереді, зат алмасуды жақсартады. Сыра қайнату өте ертеден келе жатқан өндіріс болып табылады. Сыра – дүние жүзіндегі ең әйгілі салқындатқыш сусындардың бірі. Оның өндірісі – қатал техникалық және ғылыми базаларды талап ететін күрделі биотехнологиялық процесс. Процесс мемлекет белгілеген қатал экологиялық және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау керектігімен күрделенеді.[6]
Сыра қайнату саласы кәсіпорындарының жұмысымен жалпы таныстым және шикізат дайындау мен сусло қайнату дағдыларын нығайту жайлы білдім. Сыра қайнату өндірісін ұйымдастыруды және өнім түрлерін зерттеу,сонымен қатар кәсіпорынның жалпы және шикізат дайындау мен қайнату цехтарының жұмысы туралы білімімді бекіттім.
Тәжірибе барысында сыра өндіру өндірісі жайлы әртүрлі танымдық,мағлұматтарға толы видеолар көріп, мақалаларды оқу,осының барлығы, жақсы маман шығуыма, білімімнің сапалығына зор септігін тигізеді.
Қазіргі таңда, өндірістің дамуы үшін жас мамандар өте қажет. Сол себепті, әртүрлі жобалар мемлекет тарапынан істелініп, қолға алынып жатыр. Біз жас ұрпақ еліміздің өсіп-өнуіне септігімізді қосуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |