Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін.
Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі.
Православие діні 1054 жылдан бастап Шығыс Рим империясындағы басым дінге айналды. Өз билігі өзінде болған шіркеулер саны үнемі өзгеріп отырды. Билігі өз қолында он бес шіркеу бар. Олар – Константинополь, Александрия, Антиохия, Иерусалим, Орсы, Грузин, Серб, Румын, Болгар, Кипр, Эллада, Албан, Поляк, Чехия мен Словакия және Америка шіркеулері. Соңғысы Орыс шіркеуінен 1970 жылы бөлініп шықты.
Православие ілімінің негізі – Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсиет. Соңғысына алғашқы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен III-IX ғасырлар аралығында өмір сүріп, христиан догматтарын жасаған, «шіркеу әкелері» аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.
Шіркеу Киелі кітапқа жорамалмен тәпсір жасай алмайды. Әрбір христиан Киелі кітапқа өзінше түсінік бере алады.
Шіркеулерде суреттер мен мүсіндер қойылмайды. Әулие-әнбиелерді қабыл етпейді. Әулиелер үшін шіркеулерде арнайы діни жоралғылар жасамайды. Протестанттық шіркеулер: лютерандық, англикан, реформистік шіркеулер сияқты тармақтарға бөлінеді, сонымен қатар методистік, конгрегасионалистік сияқты тәуелсіз шіркеулер де пайда болды.
Дегенмен Христиан дінінің негізгі құжаты – Киелі кітаптың пайда болуы туралы айту керек.Константиннің уақытына дейін Киелі кітап бізге екі келісімнен белгілі бір пішін берді және Константин Киелі кітаптың 50 дана етіп тапсырыс беру арқылы каноникалық христиандықтың ілімін нығайтуға және таратуға көмектесті.
Киелі кітап – шіркеудің шіркеуге деген сүйіспеншілігін ұнататын және шіркеудің қажеттілікке күмән келтіргендерді алып тастау сияқты саналы және мақсатты таңдаулардың нәтижесі. . Христиан діні адам өзінің таьиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға беім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда күшті болды.