Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы
Иә, жігіттер, амансыңдар ма? – деді ойда жоқта ерлік жасап. - Көріп отырсың ғой, - дедім мен қитығып. - Осы сеніңмен дегенде қозатын жының бар ма? Әй, бала, хал қалай... - Бүгіннен бастап жер қопару жұмысын соған беремін. Шаршап жүрсің ғой. - Рас па ? — Бура қуана сұрады. - Рас, жалықтым (О. Бөкей). Осы диалогтық контексте етістіктің әр түрлі категориялары бірде жоғары пафосқа құрылған. Шаршап жүрсің ғой дегенде демеулік шылау тіркесіп келген етістікте қамқор ниетін беріп тұр, ал адамға жасалынған қамқорлық қуанышқа ұласады, яғни жағымды эмоцияға ие бола алады, қуана сұрады деген күрделі етістік категориясымен баяндалып тұр.
Ал келесі адресанттың рас, жалықтым сөзі оқшау сөзбен тіркесіп келіп айтушының жабырқау көңіл-күй сезімін танытып тұр. Бір ғана диалогта етістік осындай өзінің түрленгіш стильдік бояуымен белгілі көркемдікке ие бола отырып, адресант пен адресаттың арасындағы сан алуан эмоцияның мән-мағынасын бере алады.
Функциональдық стильдердің ішінде етістік ауыспалы мағынада метафоралық сипатқа ие болады, басқа сөз таптары сияқты етістік метафорасы көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилінің, сондай-ақ, публицистикалық стильдің ең белсенді бөлігіне қызмет етеді.
Көркем тілде етістіктердің семантикалық топтары образды деректі тәсіл ретінде жиі ұшарасады. Бұл етістіктер стилистикалық бояуға ие болмаған, сөздіктерде белгі қойылмаса да өзінің мағыналық прагматикалық ерекшелігін әрдайым атқарып тұрады. Ол ақырып жіберді ауызекі сөйлеуде адам психологиясының әр түрлі күй-қалпының ситуативті жағдайын анықтап тұр. Мысалы: Сөйлеу, деу, айту етістіктері адресанттың әр түрлі іс-әрекет, қимылын прагматикалық жағдайда көрсете алады. Осы айту, сөйлеу, деу етістіктері әр стиль түрінде, әр түрлі әсер ету процесінде ерекше стильдік қуатка ие бола алады. Ауызекі сөйлеу стилінде деді, айтты етістіктері адамның әр сөзінің ситуациялық көрінісін қамтамасыз етеді. Ал ресми стильде оқиғаның болмысын таныту, хабарлау, кепілдік беру, жеткізу мағыналарын білдіреді, сөйтіп сөйлемді тиянақтап тұрады.
Ғылыми стильде етістік ғылыми ойлар мен тұжырымдарды түйіндеп, хабарлау мақсатына қызмет етеді.
Публицистикалық стильде деді етістігі бірде ашық түрде айтылып, адамның іс-қимылының айтылуын толық дәлелдеп отырса, екінші жағдайда деді етістігі адамның, құбылыстың басқа қимылын өзімен тіркестіре қабылдап баян ете алады. Бұл қауіп мені де жеңіп отыр, - деді Ерік. - Бір амалын қайырған жөн. Мұндайда қолдан келер жаяғыз-ақ қайран бар,-дедіАман немесе авторлық баяндау үлгісінде деді етістігі мағыналық стильдік қызметін жоққа шығармайды. Боран, расында да, басылайын деді (О. Бөкей).
Етістіктердің образды қолданылуы, ауызекі сөйлеу стиліндегі стильдік ерекшелігі мен көркем әдебиеттегі прагмастилистикалық қолданысының алуан сыры — қазақ ұлттық тілінің барлық колоритінің ажырамас бір бөлігі. Мысалы , ауызекі сөйлеу тіліндегі жарбиып қасымда жүр немесе көркем тілдегі музыка үзіліп барып қайта ойнағанда бағанағы дудар бас жігіт тағы келді қылтиып (О. Бөкей). Теңкиіп-теңкиіп жатқан тастардың қуысын қуалап шапалақтап жатқан толқын тым жақын отырған адамның бетіне көбік түкіреді. Кара көк аспан гауһарға малынып тұр (О. Бөкей).
Қарап отырсақ, көркем әдебиет публицистикалық және ауызекі сөйлеу стилінде етістіктің “жанды әлемі” эмоционалдық-экспрессивтілік танытатын күш-қуатымен бірге астасып, басқа стильдерден бөлек, етістіктің өзіне тән көркемдік-стильдік қуатын толық жеткізеді.
Сөз зергері етістіктің өз бойына жинаған алуан қасиетін естен еш уақытта шығармайды. Етістіктердің қимыл, іс-әрекетке тән тұлғалары стиль түрлерінде аз ұшыраспайды. Неге екені белгісіз, сол сайраған көңіл сарайында қаз бауырлана жүзген сағыныш бар; сарғайыңқыма, жоқ- жоқ, атамаңыз, мұңның майда самалы желпіген үлпілдеген ұлпа сағыныш; жүрегін жұлқылап, саздырмаған саумал сағыныш (О. Бөкей).
Бұл мысалдар көркемдік-бейнелілік тілдік құралдарды етістік қана тудырмайтынын, оған қоса басқа сөз таптары да дерлік қатыса алатындығын көрсетеді. Басқа да сөз таптарына жататын сөздер қимыл, іс-әрекеттің динамикалы белсенділігінсіз де, сезімдік, қабылдау, ойлау, тілеу, бұйыру сияқты адамның эмоционалды-психологиялық жай- күйін стильдік мақсатпен бере алады. Етістіктерді пайдаланудың стилистикалық тиімділігі дара күйінде қала алмайтындығын дәлелдейді.
Көркем әдебиет стиліндегі етістік категориясының стильдік қуаты барлық көркем шығарманың эстетикалық функциясын жарқыратып көрсетіп тұрады.
Етістік көркем шығармада автордың айтайын деген идеясы мен оның тілдегі көрінісінің бір-бірімен үйлесім табуын эстетикалық қызметке құра білуінде жиі көріне алады. Адам санасындағы когнитиві процестер концепт арқылы іске асады. Концепт адамнын ментальді әлемінде айлық білім, стилистикалық фреймдер (әр түрлі ассоциациямен келетін түсініктер), әсер беретін бейнелі сөздер арқылы пайда болады. Автор оқырманға ықпал ету мақсатында етістікің әр түрлі мағыналық реңктерін, бояулы астары бар түрлерін, ауыс мағыналарын тандайды. Етістіктің стилистикалық қызметі көркем әдебиетте ерекше стилистикалық әсері мен прагматикалық мақсатқа ие. Тостағандай екі көзі оттай жанып, қалың қабағы түксие, бозғылт өңі өлген адамның түріндей қан-сөлсіз бозара, ақшылдана Едіге сол Теңбіл Көгін ағызған қалпында, Кен-Жанбайға жанай беріп без сапты, қайқы қылышыменен беріп өтті (I. Есенберлин). Адамның когнитивті санадағы бейнелікті ұғындыру процессі - өте күрделі. Сондықтан көркем әдебиет стилінде ғана емес ғылыми стильдегі етістіктің қолдануының өзіне тән ерекшелігі бар. Ғылыми стильдегі етістік етістіктің ауыс мағынасынан туындаған деген пікірге келуге болады. Мысалы: химиялық талдаулар мен тәжірибелер мынандай қортындыға келді, өлең идеясын таныта түседі, ғылыми-этикалық осындай принцип ұстайды. Ғылыми стильдің мәтіндерінен алынған келді, таныта түседі, ұстайды деген етістіктер адамнын ментальді әлеміндегі тілдік механизмдерді ерекше прагматикалық мақсатқа құрған. Сондықтан ғылыми стильдегі етістіктің прагматикалық бағдары өте күрделі әрі қызықты.
Етістіктің функциональдық стильдік қызметі өте күрделі, себебі етістік адам мен жаратылыс құбылыстарының қалыпты күйі мен қимыл, қозғалыс, әрекетін динамика тұрғысынан тура және ауыспалы мағынада бере білуде ерекше қызмет атқарады. Автордың ниетін, алға қойған прагматикалық бағдарын қамтамасыз ету үшін мәтін мәнінің стилистикалық бояуын өз дәрежесінде танытуда етістіктің стилистикалық мүмкіндіктері өте мол. Орыс тіл білімінде А. И. Ефимов етістік метафорасының орнын айрықша атап көрсеткен, казақ тіл білімінде Б. Хасанов етістік метафорасының ауыс мағынасының бояулы өрнектері туралы атап өткен.