Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Еліктеуіш сөздің стилистикалық қызмет



бет46/54
Дата24.02.2022
өлшемі337,45 Kb.
#133222
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы

Еліктеуіш сөздің стилистикалық қызмет

Еліктеуіш сөздер қазақ тілінің ұлттық дүниетанымының негізгі басты қасиеттерін айқындайды.Олар – көне тілдік қор, бейнелі көркемдік қасиеті,стильдік мәнері арқылы ұлт тілінің нақышты шұрайлы бөлігі болып табылады, сондықтан осы стилистикалық тұрғыдан зерттеу оның әлі ашылмаған ұлттық тілдің бояулы өрнегін стилистикалық тұрғыдан бағамдауға, түсінуге көмектеседі.


Еліктеуіш сөздер сөз табының алғашқы қайнар көзі болып саналады,есептеуіш сөздер етістік, кейде үстеу болса да,жеке өз алдына сөз табы ретінде қарастырылып келеді.Қазақтың ұлттық тілінің бояулы нақышты өрнектерін функциональдық стильдерде ерекше стилистикалық әсер қалдыру мақсатында жан – жақты ашып көрсете алады.
Әсіресе еліктеуіш сөз дыбысы ұйқасымдылығына құрыла отырып,сезімді селт еткізер мәнерімен айрықша қолданыста жиі ұшырасады.
Жанарын – ай, жанары тамаша екен!Жалт етіп тағы бір қараса екен,Қыран баулап өсірген бала бүркіт! Қандай ғана қазақтың баласы екен! (М.Мақатаев).
Осындағы адамның көз жанарының сөзбен айтып жеткізіп бере алмас сәулесі нұрын,адам жүрегіне шоқ тастар,сұлулыққа табынып “жалт” етіп қарауы адресанттың үміт-тілегі бейнелеуіш еліктеуіш сөзі арқылы әсерлі берілген.
Қыз бала тақылдап тұр дегенде еліктеуіш сөз оның сөйлеген сөзін бейнелеп тұр.Ал бейнелеуіш сөзді айтушы қолданғанда гелгілі стильдік мақсатпен айтып тұратыны қыздың пысықтығын аңғартады,ал адамның пысықтығын тықылдап тұр сөзі,кейде олар дыбыстық өзгеріске ұшырап тақылдап тұр дегендегі екі түрі стильдік прагматикалық мән бар: тақылдап тұр ашық жайдары көңіл күймен айтылса, тақылдап тұр дегеннің айтарында азда болса сынау, мінеу мақсаты аңғарылып тұрғанын байқауға болады.
Көркем әдебиет стилінде дір еті қалу еліктеуіш сөзі көп қолданылады, ал ауызекі сөйлеуде мен оны бір дірілдетейін деп едім деген сөйлемдер кездеседі.Бірақ екеуі де екі стильдік мәнерімен қолданылған,адамның психологиялық жан – дүниесіндегі сезімдік өзгерістерге байланысты алынған.Мысалы, публицистикалық стильде бұл хабар халықты дүр сілкіндірді осындағы дір мен дүр еліктеуішсөздер адам жанының психологиялық реакциясына ықпал етеді.біріншісінде жеке тұлғаның,екіншісінде көпшіліктің толқыныс әрі сезімдік әсерін көрсетіп тұр.
Еліктеуіштер қалып – күй етістіктері, қимыл етістіктері, сөйлеу етістіктері ретінде ұшырасады.Еліктеуіштер дерексіз қимыл-әрекетке бейім болып келеді:Ә.Қайдар ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилінде 3200-ге жуық еліктеуіш бар екенін көрсеткен, тіпті фразеологиялық сөйлемдерге ұшырасады екен.
Дыбыстық еліктеуіш сөздерге қарағанда бейнелеуіш адамдардың сөйлеу мәнерін көрсетеді,ол сөйлемдегі дыбыс әрекетін әрі сөйлеу процесін қамтиды, сондықтан сасқалақтап, міңгірлеп, еліктеп, күмілжіп сөйлеу адресанттың (сөйлеушінің) сөйлеу стилін, эрудициясын,психологиялық жай-күйін жан-жақты көрсетіп отырады.Еліктеуіш сөздер мысалы,Абай,Мағжан поззиясында ерекше стильдік мәнер алып,адам-қоғам бейнесінің прагматикалық тіршілігін көрсетіп отырады.
Шын жаныңмен,от қаныңмен,иманыңмен ісің жоқ... қыбыр,қыбыр,жыбыр,жыбыр,сыбыр-сыбыр-мінезің...Ел дегенім, қам жегенің мен білемін – бір атаң... жылмаң-жыртаң,бұлтаң-тыртаң ,бұлтаң-тыртаң сұм өмір (Мағжан). Бұл эмоционалды-экспрессивті еліктеуіш сөздер жеке адам “әрекеті” арқылы қоғам өмірінің де әрекетін көрсетуді мақсат етеді. Ал, прагматиканың негізінде “әрекет” сөзі жатыр.Автор адам өмірінің шынайы бейнесін беруде еліктеуіш сөзді көп айтылатын басқа сөздерден емес, еліктеуіш сөздер арқылы берген арнайы стильдік мақсатпен қолдануға иек артұаны көрініп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет