Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Жай сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі



бет48/54
Дата24.02.2022
өлшемі337,45 Kb.
#133222
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы

Жай сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі

Тілдің біршама аяқталған, тиянақты ойды білдіретін бөлшегі – жәй сөйлемдер. Сөйлемде субъект болмысының толық көрінуі, ойдың тілдегі тікелей көрінісі, оның сыртқа шығуы, жүзеге асуы әр түрлі болады. Сөйлеуші сөзінің жүзеге асуы белгілі коммуникативтік мүддеге тәуелді бола отырып, ситуацияға да қатысты болып келеді. Жай сөйлемдер классикалық синтаксистік тұрғыдан айту мақсатына қарай хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы болып бөлінгенімен, функциональдық стилистикалық қолданыс шеңберінде алуан түрлі табиғатымен ерекшеленеді.


Қазір біз абақтыдағыларды босатамыз. Абақтыны алуға келген кісінің білесің бе? Кәдімгі Мәмбет! – деді Батырбек қатарласа шапқан Оразға (Х.Есенжанов). Мәтінде жай сөйлемнің үш түрі қатар қолданып тұр: хабарлы, сұраулы, лепті үш түрлі ойдың көрінісі, хабарлы таза коммуникативтік қатынастың негізгі құралы ретінде құбылыс, ойды хабарлама түрде жеткізу болса, онда ешқандай мағыналық реңк көрінбейді.Ал екінші сұраулы сөйлем анық сұрақты білдіріп тұр, келесі лепті сөйлемге ерекше екпін түсіріліп ,қуанышты көңіл-күймен айтылып, экспессивтілік мән туғызып тұр. Экспессивтілік адам жанының сезімін толқытатын эмоциямен тікелей байланысты болғандықтан, екеуінің арасы өте жақын.Экспессивті сөз, сөз тіркесі, сөйлем эмоциясыз айтылады да, жазыла да алмайды. Кәдімгі Мәмбет! Сөйлемнің мүшелері түсіріліп айтылса да, соның нәтиесінде осындай конструкциялардың құлмалас сөйлемдерге қарағанда әлдеқайда экспрессивтілігі күшті көрінеді. Жай сөйлемдердің құрылымдарының функциясы экстралингвистикалық факторлар мен (ситуация) ішкі лингвистикалық сәттерге (контекске сүйену) байланысты болады. Контекстуалды толымсыз сөйлемдер жалпы қолданыстық қызметімен ерекшеленеді, ситуациялық толымсыз сөйлемдер көркем әдебиет стилінің негізгі қатысымдылық әрекет процесін көрсетеді. Бұл туралы А.П. Сквородиникоа былай дейді: “В целом неполное предложения выполняет в разных стилях функции экономии (лаконизации изложения его оживления, интимизаций, уселенново выделения, акцентуации повествования и др”.
Ресми стильде: Вексельдік міндеттемелер даусыз әрі күмәнсіз.Бюджеттік поцес мемлекеттік билік органдардың бюджетті қарау, құрау, бекіту және орындау жөніндегі заңмен тәртіптелінген қызметі. Тергеу мен сот версиясы жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Заңды өкіл бір мезгілде куәгер де, азаматтық жауапкер де бола алады.
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде толық оймен фактіні, деректі, хабарды ғана беріп қоймай,оны эмоционалдық әсер беру мақсатында жұмсайды. Сөйлем туралы сөз еткенде парцелляция құбылысы туралы айта кету керек, себебі автор парцелляцияны экспрессивтілік мақсатта пайдаланылады. Парцелляция жай және құрмалас сөйлемдердің құрылымында белгілі стильдік мақсатпен қолданылып отырады.
Көркем әдебиетте жинақталған материялдар негізінде айтсақ, блшектеу стилистикалық көркемдеуіш құрал емес, айтушының өз ойын жеткізу стилі деген қорытынды шығады. Ғалымдар парцелляция құбылысының стильдік реңк мән бар екенін айтыды да, бірақ оның стильдік ерекшеліктерін толық көрсептейді. Парцелляция эмоция мен ойшылдықтың нәтижесінен шығатын синтаксистік конструкциялар болғандықтан, онда стильдік мәнер толық көрінеді. Сондықтан бұл құбылыс жай сөйлемнің барлық түрлерінің бойынан кездеседі әрі функциональдық стильдердің ішінде ауызекі, көркем әдебиет, публицистикалық стильде кездесетіндігі дау турырмайды. Мысалы: Осы үміт жалпы мызғымайтын әрі табанды, әрі жақын, әрі берік, әрі құрметті, күшті сүйеніш болды.(О.Бөкей).
Парцелляцяция – ғылыми стильде сирек кездесетін құбылыс. Ғылыми стиьде парцелляция өте сирек кездесетін құбылыс деп айтылғанмен, ғылыми – танымдық стильде жазылған еңбектерде бұл интеллектуалды – эмоциялды пікір туғызу мақсатында қолданылады. Публицистикалық стильде берілетін электронды ақпарат құралдарының тілінде парцелляция құбылысы өте мәнерлі қолданысқа түседі.Жүректен шыққан сөздер үшін!Үзбей қара! Ресми стильде бөлшектенген сөйлемдер ресми құжаттардың тақырыпшаларының негізгі бөлігін қамтиды. Іс сапардың куәлігі, Тұрғын жайды айырбастау туралы Арыз. Айырбасталған тұрғын жай.Тіркеуге келісім беру. Некені тіркеу туралы өтініш. Басқа балалары т.б.
Парцелляциялық құбылысты ресми мәтіндерде сызбалар арқылы негізгі баяндауыштық позицияда келіп, әлі толық аяқталмай тұрып ресми құжаттардың синтаксистік құрылымының өзгешелігін көрсетіп отырады.
Парцелляция құбылысы белгілі функциональдық стильдерге телінген мәтіндерде мынадай қызмет атқарады:

  • бейнелеуші – суреттеуші, ол көркем әдебиетте суреттеліп отырған болмыс пен деректің көркемдік образдылығын күшейтіп көрсету үшін;

  • ауызекі сөйлеу стилінде жалпы көркем ойдың жеке детальдарын әсерлі жеткізу үшін қолданылады. Синтагмалардың арасында кідіріс жасалынады, айтылған ырғақтың созылыңқылығы адресатқа назар аударту тәсілі ретінде де қолданылады;

  • субъекті сөзінің сөйлеу мәнерінің имитациялық тәсілі ретінде көріне алады. Пікірдің эмоционалды – бағалаушы стилистикалық компазициясына қызмет етеді: ирония, сарказм, сынау, мінеу, көңіл – күйінің ерекше сәттерін суреттерде т.б.

Орыс тілі ғылымда жақсыз, толымсыз сөйлемдер стилистикалық контрукцияларының негізгі көрсеткіші екені көрсетілген. Ситуативті толымсыз сөйлемдер көркем әдебиет пен ауызекі сөйлеу стиліне жатқызылады, ол контекстуалды барлық стильдер түрлерінде ұшырасады, соның ішінде ғылыми және ресми стиль де кіреді.
Ситуациялық контекстуалды толымсыз сөйлемдердің бірі – эллипсистенген сөйлемдер. Сөйлемнің құрылысы, құрамы сөйлеу ситуациясына, контекске бағынышты болады. Ендеше, сөйлемнің ой тиянақсыздығы, мазмұнның толық ашылмауы басқа сөйлемдерді қажет етеді. Эллипсистенген сөйлемдер функциональдық стильдердің барлығына тән.Кейбір зерттеушілердің айтуынша, егер ғылыми стильде қолданылса, онда құрылым түрінде кездеседі.
Эллипсистенген сөйлемдер ресми стильдің кіші жанрларында көп ұшырасады. Ондай сөйлемдер қысқа қайырымды, бірақ көлемі аз болғанымен маңызды, өтімді, бұйрықты мәтінде келеді.
Тілдің үнемдеу заңының нетижесінде пайда болған эллипсистенген сөйлемдер – ой білдірудің ерекше формасы. Автордың коммуникативтік мақсатын толық орындайды, ықшамдылыққа негізделе отырып, стилистикалық мәтінге ие бола алады.
Былтыр да сол, ертең де сол. Буылдыр дүние, маужыраған тыныштық. Жағымсыз жаңғырықта (О.Бөкей).
Эллипсистенген сөйлемдер өзі қатысып тұрған стильде өзіндік ерекшеліктермен жарнамалық көрініс беру үшін қысқа қайырым құруға бейім болып тұрады. Мысалы: Дирекция мәжілісте, студенттер сессияда, мекемеде жөндей жұмыстары. Эллипсистенген сөйлемдер кеңсе тілінің негізгі синтаксистік құрылысыныңң қысқа әрі нақты мазмұнын құрайды. Сонымен бірге ресми құжат мәтіндерінің тақырыптары да осындай сөйлеммен беріледі. Жер мәселесіндегі өзгерістеп. Отбасы құрамы. Ісхаттардың куәлігі. Депоненттік карточка.
Эллипсистенген сөйлемдер ғылыми стильде сирек ұшырасып отырады. Соған қарамастан суреттеу немесе баяндаудың әр түрі бар екені белгілі. Олардың құрамына баяндау, суреттеу, пайымдау, әңгімелеу т.б. жатады.
Риторика, поэтика,стилистиканың даму тарихында сөйлемнің түрлерінің әр түрлі атаулары болды. Олар былай топтастырылады:

  • риторикалық сөйлемдер;

  • баяндау тәсілдері;

  • мәтін түрлері;

  • көркемдік – стильдік сөйлем түрлері;

  • сөйлеу – композициялық формалары т.б.

Сөйлемнің функциянальдық мағыналық түрлерінің әр
стильде стильдік тұрақты мәтін түзуші қызметі болады.
Көркем шығармада әңгімелеу үлгісінің сөйлемдер үлкен бір кеңістік маштабта шығарманың оқиғалық сюжетін баяндайды, онда пейзаж, портрет көріністерін суреттеуге арналады.
Көркем әдебиет стиліндегі пайымдау әдісі мен ғылыми стильдегі сөйлемдерді пайымдау әдісінің субъективті және объективті жағынан айырмашылықтары көп. Сондықтан ғылыми және көркем әдебиет тіліндегі сөйлемдердегі пайымдау әдісіне, функциянальдық – сти- листикалық қолданысына көз жіберейік. Мысалы: Ғылыми стильде заңдылық (психологиялық) белгі аданың өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуальдық кезеңінен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңінен тұрады) (“Қылмыстық құқық” ғылыми оқулығы). Бұл сөйлемдерде ғылыми пайымдау логикалық синтаксистік конструкциялармен берілген.
Көркем әдебиет стилінде поэтикалық пайымдау ерекше байқалып тұрады. Ең ғажабы Аман түйсігінен адаспады, бәрін сезіп, бәрін естіп жптқан секілді, ендгі сәтте ұйыған қара түнектің ар жағынан жалақ, ақ жолақ бас бала шықты да күлімсіреген қалпы бұған қарай бір басып, екі басып жақындай түсті (О.Бөкей).
Жоғарыдағы мысалдарда бір сөйлемдегі ғылыми пайымдау әрекет субъективті пікірлерді қорытып, талдау жасап, соған лайықты сөйлемдерді синтездейді. Ал, екінші сөйлем “сезімдік” тілмен пайымдау жасалынған. Екі сөйлемде екі түрлі тілдік бірліктер алынып, екі түрлі пайымдау әрекеті қолданылып отыр. Функциональдық стильдерде мағыналық – функциональды қолданыс формалары әр түрлі сөйлемдердегі іріктеліп алынған тілдік бірліктер арқылы сөйлем конструкциялары шығады. Сондықтан ғылыми стильдегі мәтіндерде белгілі зерттеліп отырған объектіні оқып – үйрену үшін теориялық таным керек, соның негізінде теориялық ойлау бөлігі ғылыми мәнінде бірте – бірте өсіп отырады, нақтылық, ғылымилық, қисындылық фактілер негізінде сөйлем құрастырылады. Сонымен бірге ғылыми стильдегі мәтінде стилистикалық және динамикалық баяндау бола тұра, жеке пайымдау дәлелдеу, түсіндіру аясында өтеді.
Ал, көркемдік мәтіннеі қуат – күші белгілі ғылыми пайымдау мен баяндаудың ақиқат шындығы мүлде басқа образға ауысады. Ойдың және тілдің бірлігі белгілі стильдік бояу бар әсерлі сөз, сөйлем оралымдарына ойыса отырып, олардың құрамында еркінділік ұстанымы қуатты әрі күшті фразаға айналады. Мәтінді құру кеңістігінде сөйлемдер әр түрлі көркем бейнелі синтаксистік конструкцияларды ойната отырып ойды, сезімді ажарландыруға күш салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет