Д. Асфендияров модуль бойынша «Адамның репродуктивті денсаулығы» Кейс талдау



Дата08.02.2022
өлшемі31,78 Kb.
#123534
Байланысты:
гисто кейс РЗЧ
гисто кейс РЗЧ, 1 сабак Ғылымның рөлі, 6-кл. Қ.ә. БЖБ № 1- ІІІ т.



«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВ


Модуль бойынша
«Адамның репродуктивті денсаулығы»
Кейс талдау
«Шешуші қан тамшысы»

Орындады: Нахыпбек Жанерке.
Тобы: п20-003-01
Тексерді: Желдербаева Махаббат Камиевна.


Гистология бойынша талқылауға арналған сұрақтар:
1.Аталық және аналық жыныс жүйесінің эмбриональды даму ерекшеліктері
Жыныс жүйелері (гонадалар) ағзада репродуктивті кызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы. Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетiн жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады. Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, копiршiктi бездер, куык асты безi т.б. жатса ал аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, жатыр түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Жыныс жүйесінің ерекшелігі жыныстық хромосомаларында; ер адамда ХУ болса, ал әйелдерде ХХ болады. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады. Дамуы: жыныс жүйелерінің дамуы зәр шығару жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықтың 3 - аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында бөлінеді де, ізінше ішектің соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары аркылы қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады. Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары, ол аталық безде тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды. Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады. Ал эндокринді немесе интерстициальді жасушалары гормональді кызмет атқарады. Бұлар мезенхимадан дамыған белсенді түрде бөлінетін эндокриноциттер (әсіресе 9-10 апталық ұрықта) болып табылады. Кейінірек ұрықтың 22-аптасында бұлардың саны азаяды. Мезенхимадан пайда болған жыныс безінің бастамасы біртіндеп жыныс жіпшелері түрінде, ал одан кейін эпителиальді жасушалар тізбегіне айналады. Индиферентті жыныс жасушаларының адам ұрығында жіктелуі эмбриогенездің 6 аптасынан басталады.
2. Прогестеронның жоғарылауы қандай мүшелердің бұзылуына байланысты?


Қорытындылай келе прогестерон мөлшерінің шамадан тыс артып кетуі аналық жыныс безінің патологиясына, бүйрекүсті безінің дисфункциясына байланысты болады, мысалы аналық жыныс безінің кистасы, ісік, бүйрекүсті безінің ісігі және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет