Буржуазиялық-демократиялық республика – барлық азаматтарға демократиялық құқық пен бостандық заң арқылы кепілдік берілген мемлекеттік құрылым формасы.
Бурлар – ХҮІІ ғ. өзінде Оңтүстік Африкаға орныққан голландиялық (сонлай-ақ неміс және француз) отаршылдарының ұрпақтары. ХІХ ғ. бурлар дербес мемлекет құрады, алайда ол 1899-1902 ж.ж. ағылшын-бур соғысының нәтижесінде тәуелсіздігінен айырылады. Қазіргі бурларды африканерлер деп атау орын алған.
Геноцид – адамдарды белгілі бір тұтастыққа жатқандығы немесе шығу тегіне байланысты қырып-жою немесе қудалау, адамдарды белгілі бір әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топқа жататындығы үшін кінәлі деп санау.
Деколонизация– түрлі елдер мен территориялардың отаршылдық тәуелділіктен азат етілу процесі, нәтижесінде олар тәуелсіз мемлекет болады.
Доминион - өзінің басшысы ретінде ағылшын монархын таныған Британ империясы (1947 ж. бастап - Достастық) құрамындағы өзін-өзі басқару мемлекеті. Ағыошын монархы доминионға генерал-губернаторды тағайындайды. Сонымен бірге жергілікті басқару органдары да болады.
Жас түріктер– ХІХ ғ. соңында пайда болған Түркиядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалысқа қатысушылар. 1908 ж. революциялық көтеріліс нәтижесінде жас түріктер конституцияны енгізуге қол жеткізеді, ал 1909 ж. олардың үкіметі билікке келеді (сонымен қатар монархия І д.ж. соғыстың аяғына дейін сақталады).
Интеграция - өзара бейімделу, экономикалық және өндірістік ынтымақтастықты кеңейту, екі немесе бірнеше мемлекеттің ұлттық шаруашылықтарын біріктіру процесі, шаруашылық өмірді бірігістірудің, біртұтас шаруашылық кешенін құруға алып барудың жоғарғы түрі.
Интервенция– бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күштеп араласуы. Тікелей әскери интервенциядан басқа дипломатиялық, экономикалық, қаржылай интервенция бар. БҰҰ-ның Жарғысы жәнехалықаралық құқық интервенцияның барлық түріне тиым салады.