Мандаттық территория – бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар Лигасы кейбір жеңуші-мемлекеттерге ерекше құқықтық негізде (мандат) басқарумен берілген Германия және Түркияның бірқатар бұрынғы иеліктерінің атауы.
«Мәдени революция»- коммунистік Қытайда шамамен 1966-1976 ж.ж. жүргізілген кез-келген оппозицияны күштеп басу саясаты. Бұл «революция» Қытайға күштеп басу, жалпылай қорқыныш және хаостан басқа ештеңе әкелген жоқ.
Меморандум – қандай да бір мәселені жариялайтын дипломатиялық құжат. Көбінесе меморандум негізгі құжатқа (нота, ультиматум т.б.) қосымша бекітіледі, бірақ жеке бөлек те берілуі мүмкін.