2.4.2 Күтiп-баптау кесулерiнiң негiзгi және екiншi дәрежелі мiндеттерi. Негiзгi мiндеттерi:
а) сүрекдiң құрамын шаруашылық үшiн қажеттi бағытта өзгерту;
б) техникалық жетiлген сүректi өсiру кезеңiн қысқарту;
в) ауданның бiрлiк өлшемi бойынша пайдаланатын сүректiң мөлшерiн көбейту;
г) өсiрiлетiн сүректiң сапасын арттыру,
д) белгiлi бір сортименттерді алу;
е) ағаш түрлерінің тез өсетiн аса бағалы формаларын таңдап алу;
ж) ормандағы санитарлық жағдайды жақсарту және сүрекдiңдердiң зиянды факторларға қарсы төзімділігін арттыру;
з) өсiп тұрған орманның су мен топырақ қорғау, рекреациялық және басқа пайдалы қасиеттерiн күшейту;
и) ауданның бiрлiк өлшемiне келетiн сүректiң жалпы өсiмiн көбейту;
к) сүрекдiңдердiң жалпы өнiмдiлiгiн арттыру.
Екiншi дәрежелі мiндеттер:
а) өтiмдi сүректi сатудан қосымша табыс алу;
б) курорт, қорық, қалалық және ауылдық ормандарда алқа ағаштардың қажеттi құрылымын қалыптастыру;
в) қорғаныш орман алқаптарының және жасыл қоршаулардың қажетті конструкциясын құру;
г) ағаш пен бұта түрлерінің жемiстерi мен тұқымдарының түсiмiн арттыру және орманның табиғи қайта жаңару жағдайын жақсарту;
д) алқа ағаштарда орман астарының шығу мен өсу жағдайларын жақсарту, сол арқылы құстардың ұя салуы және олардың мекендеуi үшiн қолайлы жағдай жасау;
е) рекреациялық маңызды ормандардың эстетикалық құндылығын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |