2.4.5 Орман жолақтарындағы күтiп-баптау кесулерi. Жолақты алқа ағаштардағы күтiп-баптау кесулерiнiң мақсаты:
а) әр түрлi конструкциялы орман жолақтарын қалыптастыру;
б) климаттың қолайсыз факторларына қарсы тұра алатын және төңірегіндегі аумақтардың микроклиматы мен су режимін жақсартуға қабiлеттi биологиялық белсендi алқа ағаштарды өсiру;
в) алқа ағаштардың қорғаныш және басқа пайдалы қызметiн арттыру;
г) ормансыз жерлерде ағаш сүректерін өндiру.
Орман астарын күтiп-баптау. Орындайтын функциясына қарай орман астары сақталады, сиретiледi немесе толығымен шабылады.
Бұтақтарды кесу. Кесу мақсаты – іске жарамды сүрек сапасын жақсарту және шығымдылығын арттыру.
Қажет болғанда, қылқанды және жапырақты алқа ағаштарда кесу ауданы бойынша бiрқалыпты орналасқан орманның жоғарғы сатысының 400-500 дана тәуiр ағаштарында 10-12 жастан бастап жүргiзiледi.
Орманды күтiп-баптаудың химиялық тәсiлдерi. Күтiп-баптаудың мақсаты – арборицидтер мен гербицидтердi пайдаланып, қажетсіз ағаш түрлерімен күресу.
Достарыңызбен бөлісу: |