2.4.6 Күтiп-баптау кесу әдiстерi. Күтiп-баптау кесулерiнiң әдiсi – ағаштардың желегімен күн қуатын барынша пайдалану және жоғары өнiмдi сүрекдiңдердi қалыптастыру мақсатында ағаштарды түбiрiнде қалдырудың немесе кесіп тастаудың теориялық негiздемесi.
Орман шаруашылығы тәжiрибесiнде орманды күтiп-баптаудың мына әдiстерi кең тараған: жоғарғы және төменгі кесулер, құрама кесулер, белсендi кесулер.
Төменгі кесу әдiсi арқылы табиғи сиреудiң процесін реттеуге мүмкiндiк бередi. Мұнда орманның төменгi бөлiгiнде өсуi бәсеңдеген немесе нашарлаған ағаштар кесіліп тасталады. Желектері – көлденең түйіскен бiр сатылы (қабатты) алқа ағаштар қалыптасады, қоректену ауданы есебiнен кесілмей қалдырылған ағаштардың өсуi және алқа ағаштың санитарлық жағдайы жақсарады. Бұл әдiс таза қылқанды алқа ағаштарды күтiп-баптау кезiнде пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |