2.4.7 Күтiп-баптау кесулерiнiң ұйымдастырушылық-техникалық элементтері. Оған күтiп-баптаудың басталуы, әдiсi, қайталанылуы, қарқындылығы, кесуге ағаштар таңдау ретi және алқа ағаштарды күтіп-баптау кесуіне тағайындау кезегi жатады.
Алқа ағаштарда күтiп-баптау кесулерiн жүргiзгенде “нұсқаумен” (инструкциямен) қатаң белгiленедi. Мысалы, күрделi және аралас алқа ағаштарда жарықтандыру басты ағаш түрін екiншi дәрежедегi ағаш түрлерінің басу қаупi туған кезеңде басталуы тиiс.
Күтiп-баптау кесулерi тұқымнан өскен және аралас тектi қылқан және қатты жалпақ жапырақты алқа ағаштарда басты кесулерден 10 жыл бұрын, ал түбірөркеннен шыққан жұмсақ және қатты жапырақтыларда 5 жыл бұрын тоқтатылады. Әрбір алқа ағаш үшiн кесу әдiсiн дұрыс таңдау орманшының маңызды және жауапты мiндетi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |