Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет25/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Желектің түйісуітолымдылықтан басқа көрсеткіш, ағаш желегі кескiндер аудандарының сүрекдiңдер алып тұрған ауданға қатынасымен анықталады. Балауса орманда түйісу, әдетте, толымдылықтан жоғары, орта жастағылар мен жетiлiп келе жатқандарда олардың көрсеткiштерi көбінесе, бiрдей болады, толысқан және көнерген сүрекдiңдерде толымдылық түйісуден жоғары болып келеді.

Жиілік – «толымдылық» және «тұтастық» ұғымдарына өте жақын ұғым, бiрақ ол орман ауданының 1 га-ына келетiн ағаштар санымен анықталады. Ол сүрекдiңнiң жасына қарай өзгерiп отырады және ормандағы өсiмдiктер жағдайымен тығыз байланыста болады. Бонитеттің І класында сүрекдің жиілігі ең аз, ал V класта ең көп болады.

Тауарлық – іс (кәделiк) сүрек шығымымен немесе іске жарамды дiңдер санымен анықталатын сүрекдiң сапасының экономикалық санаты (категориясы).

Аурулармен және шiрiкпен зақымданған, іс (кәделiк) сүрек шығымы 20 пайыз және одан төмен орман учаскелерi жеке бөлiнедi.

Ағаштардың іс сүректердi беру үлесі бойынша тауарлықтың үш класы қойылған (кесте 1.4).


Кесте 1.4 - Орман тауарлығының шкаласы




Тауарлық класы

Іс (кәделiк) сүрек шығымы, %

Қылқан жапырақты алқа ағаштар

Жалпақ жапырақты алқа ағаштар

Қоры бойынша

Іс (кәделiк) дiңдер саны бойынша

Қоры бойынша

Іс (кәделiк) дiңдер саны бойынша

1

81 және жоғары

91 және жоғары

71 және жоғары

71 және жоғары

ІІ

61-80

71-90

51-70

45-70

ІІІ

60-қа дейiн

70-ке дейiн

50-ге дейiн

45-ке дейiн




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет