Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгi және оның сыртқы белгiлерi



бет33/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

1.5.3 Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгi және оның сыртқы белгiлерi. Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгiн ағаштың және сүрекдiңнiң сыртқы белгiлерi бойынша анықтайды.

Оларға жататындар:

ағаш желегінің тығыздығы және селдiрлiгi – селдiр желекті ағаш түрлері тығыздылармен салыстырғанда жарық сүйгiштеу келедi. Бiрiншiге, мысалы, мыналар жатады: қайың, қарағай, балқарағай, екiншi топқа, шырша, шамшат, майқарағай.

ағаш желегінің ұзындығы – едәуiр ұзын желекті ағаш түрлері (майқарағай, шырша) көлеңкеге төзiмдiлер болып саналса, ал қысқа желектілер (қайың, терек) жарық сүйгiштер болып табылады.

ағаш қабығының қалыңдығы – көлеңкеге төзiмдi ағаш түрлері – шырша, майқарағай, шамшат – жұқа қабықты болса, жарық сүйгiштер – қарағай, балқарағай – қалың қабықты болып келедi.



- өсу жылдамдығы – жарық сүйгiш ағаш түрлері, әдетте, баяу өсетiн көлеңкеге төзiмдiлерге қарағанда тез өседi.

дiңдердiң бұтақшалардан тазару жылдамдығы – жарық сүйгiш ағаш түрлерінде дiңдердiң бұтақшалардан тазаруы жылдам жүретiндiгi анықталған.

- табиғи сиреудiң жылдамдығы – жарық сүйгiш ағаш түрлерінен құралған сүрекдiңдердiң жасына қарай табиғи сиреуi, көлеңкеге төзiмділерден жылдамырақ жүредi;

- қалың сүрекдiң шымылдығы астындағы өскiннiң шығымының өсу қарқыны мен ұзақтық дәрежесi – жарық сүйгiш ағаш түрлерінің өскiндерi көлеңкеде тез жойылады, көлеңкеге төзiмділердің өскіндері басылыңқы жағдайда болса да ұзақ уақыт өмiр сүредi;

- орман шымылдығы астындағы топырақтың жарықтану дәрежесі– жарық сүйгiштерде ол жоғары болса, ал көлеңкеге төзiмділерде аз болады. Аумағы бойынша ағаштар саны бiрдей болғанымен жарықтану дәрежесiнiң айырмасы 80-90 пайызға жетедi;

- жапырақтардың қалың болуы – ағаш желегі қалың, көлеңкеге төзiмді ағаш түрлерінде ғана жапырақтар бiр-бiрiн көлеңкелеуге төзе алатын қабiлетi болғандықтан, осы ағаш түрінің желегі неғұрлым қою болса, ол көлеңкеге көп төзiмді келедi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет