Кесте 1.6 - Салыстырмалы биіктіктерді анықтау
Сүрекдіңнің таксациялық сипаттамасы
|
Ағаш түрі
|
Биіктік, м
|
Диаметр, см
|
Салыстырмалы биіктіктер, м
|
Ескерту
|
4Ш3Ақ3Кт
|
Ш
Ақ
Кт
|
19,0
19,0
19,0
|
21,0
21,0
17,0
|
|
|
6М4Ақ
|
М
Ақ
|
10,0
9,8
|
13,0
14,8
|
|
|
6Қ4Ш
|
Қ
Ш
|
14,4
14,0
|
16,1
12,7
|
|
|
Кесте 1.7 - Жарық үлесін анықтау
Ағаш түрлері
|
Жарықтың дәрежесі, мың люкс
|
Салыстырмалы жарықтың үлесі
|
ағаш желегінің үстінде
|
желектің жапырақтанған және жапырақсыз бөлігінің аралығында
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Кәдімгі қарағай
|
46,0
|
4,5
|
|
Қара емен
|
32,0
|
3,1
|
|
Шырша
|
58,0
|
1,9
|
|
Көктерек
|
47,0
|
5,9
|
|
Балқарағай
|
42,0
|
8,5
|
|
Ұсақ жапырақты жөке
|
35,0
|
0,9
|
|
Қайың
|
22,0
|
4,2
|
|
Майқарағай
|
22,0
|
0,5
|
|
Терек
|
75,0
|
5,0
|
|
Тис
|
50,0
|
0,5
|
|
1.6 ОРМАН ЖӘНЕ ЖЫЛУ
1.6.1 Орман тіршілігіне жылудың маңызы. Жылу – экологиялық фактор ретiнде орманның өсiп-өну жағдайларын анықтайды. Жылу жағдайлары бүтiндей орманның өзiне, сондай-ақ, оның жекелеген компоненттеріне әсер етедi.
Жылудың негiзгi көзi күн радиациясы болып табылады. Сонымен қатар, жылу жер маңындағы атмосфераға радиоактивтiк заттардың ыдырауы, органикалық қалдықтардың шiруi нәтижесiнде жердiң терең қабаттарынан, сондай-ақ, басқа жылу көздерінен келедi.
Дамудың түрлi кезеңдерiнде (сөл жүрудiң басы, бүршiктердiң ашылуы, тұқымдардың жарылуы, гүлдеу, түйiндердің құрылу, жемiстердің пiсуi, фотосинтездің басы, өсу) сүректi өсімдіктерге белгiлi жылу жағдайлары қажет. Сүректi өсiмдiк тамырларының қызметi топырақ температурасы 5°С-тан жоғарылағанда басталады, фотосинтез температура 0°-ден 40-50°С-қа дейін болады, 25-30°С-та жоғары шегiне жетедi.
Ағаш түрлерінің тыныс алуы 0°С-тан төмен температурада да болады, бiрақ, оңтайлысы 45-50°С, ал 55°С-та тыныс алу тоқтайды.
Көптеген өсiмдiктердің тұқымы 0-ден аздап жоғарылаған температурада өне бастайды, сабақ пен жапырақтар +6°С температурада пайда болса, ал +15 °С-та гүлдей бастайды.
Суық ауа райы гүлдеудi, жемiстiң пiсуiн тежейдi, ал кейде олардың құрып кетуіне әкелiп соғады.
Топырақ температурасының көтерiлуiмен микрофлора қызметiнiң қарқыны күшейедi, ол сүректi өсiмдiктердiң азот, фосфор және басқа заттарды жақсы сiңiруiне көмектеседi.
Сүректi өсiмдiктердiң тарихи қалыптасқан жылу қажеттiлiгi әр түрлi және өзгермелi. Тәулiктiк және маусымдық температуралардың айырмашылық дәрежесi маңызды көрсеткiш болып табылады.
Сүректi өсiмдiктер жас кезiнде жылуды бiршама қажет етеді және шеткі температура әсерiне сезiмтал келедi. Жылудың қажеттiлiгi маусым бойынша өзгерiп тұрады: көктемде және жаздың басында қарқынды өсу кезiнде – ол көбiрек қажет.
Ауаның орташа тәулiктiк температурасы 10°С, ал топырақтiкi 5°С-қа жеткен уақыт вегетациялық кезеңiнің шекарасы ретінде қабылданады.
1.6.2 Ағаш түрлерінің жылуға қатынасы. Барлық ағаш түрлері жылуды талап етуі бойынша негiзiнен екi топқа бөлiнедi: жылу сүйгiштер және суыққа төзiмдi ағаш түрлері.
Ағаш түрлерінің жылу сүйгiш дәрежесiнiң объективтi көрсеткiшi – оның табиғи тараған аймағы (ареалы) болып табылады.
Осы негiзде Г.Ф.Морозов жылу сүйгiш ағаш түрлерінен бастап, қысқа төзiмдiлерiмен аяқтай отырып, мынадай шкала жасады: талшын, емен, шаған, шегіршіндер, кәдімгі қарағай, шетен, қандыағаш, қайың, майқарағай, шырша, самырсын, балқарағай.
П.С.Погребняк ағаш түрлерінің жылуға қатынасын сипаттайтын шкаланы ұсынды:
I. Өте жылу сүйгiштер: қиыр шығыс қарағайы, тоз қатпарлы емен, сауырағаш, секвойя.
II. Жылу сүйгiштер: талшын, айлант, қара жаңғақ ағашы, грек жаңғақ ағашы, үлпек емен, ақ қараған, қармала.
ІІІ. Жылуды аз қажет ететiндер: қызыл емен, үйеңкі, қарағаш, тау емені, шаған.
IV. Жылуды қажет етпейтіндер: көктерек, қайың, сұр қандыағаш, шетен, шырша, сібір майқарағайы, кәдімгі қарағай, балқарағай.
Достарыңызбен бөлісу: |