Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Б.Д.Жилкин жіктеуі (классификациясы)



бет62/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

1.10.3 Б.Д.Жилкин жіктеуі (классификациясы). Б.Д.Жилкиннiң (1940, 1958) үш мүшелi бес баллды жіктеуі орманның су күзету–қорғаныш рөлiнiң бағасын бiршама толық бере алады: бiрiншi мүше – орман өсiмдiктер аймағы, екiншi – жергілікті аймақ түрі, үшiншi – орман өсiмдiктері қауымдастығының түрi.

Орман өсiмдiктер аймағы шегiнде орманның өсіп тұрған орнына байланысты учаскеде балл арқылы бағаланады: 100 – орманды тундра, 200– солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 300 – оңтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 400 – қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар мен орманды дала, 500 – тау ормандары.

Орман өсiмдiктері қауымдастығының түрi – ағаш түрлерінің тобы және сүрекдiңнiң өнiмдiлiгi бойынша бағаланады (кесте 1.12).
Кесте 1.12 - Орман қауымдастығын бағалау, баллдар

Өнiмдiлiк


Ағаш түрлерінің тобы

Қошқыл қылқанды орман

Қарағай және күрделi қошқыл қылқанды орман

Қыста жапырақ тастайтын және күрделi қарағайлы орман

Төмен, IV және одан төмен бонитет класы

1

2

3

Орташа, II, III бонитеттер класы

2

3

4

Жоғары, I бонитет класы және одан жоғары

3

4

5

Жергілікті аймақ түрі – жер бедерi және топырақтың механикалық құрамы бойынша бағаланады (кесте 1.13).


Кесте 1.13 - Жергілікті аймақ түрiн бағалау, баллдар

Топырақ


Көлбеулiк, градус

3-ке дейiн

4-15

16 және одан жоғары

Құм

10

20

30

Құмайт

20

30

40

Саздауыт және сазды

30

40

50




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет