2.4 ОРМАНДАРДЫ КҮТIП-БАПТАУ КЕСУЛЕРI
2.4.1 Жалпы ұғымдар. Күтiп-баптау кесулерi – алқа ағаштарда басты ағаш түрлерінің өсуiне қолайлы жағдайлар жасауға, орманның пайдалы қызметiн арттыруға және ағаш сүрегін уақытында пайдалануға бағытталған кесулер болып саналады. Олар орманнан ағаштардың бір бөлiгiн кезеңдерге бөліп кесiп тастау болып табылады және бұл сүрекдiңнiң бүкiл тiршілігінде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасында күтiп-баптау кесулерiн балауса ағаштардың жанаса бастаған уақытынан бастайды, тұқымнан өскен және аралас тектi қылқан жапырақтылар мен қатты жалпақ жапырақты алқа ағаштарда басты кесулерге дейiн 10 жыл қалғанда, ал түбірөркеннен өскен жұмсақ және қатты жалпақ жапырақты алқа ағаштарда 5 жыл қалғанда күтіп-баптау кесулері тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |