Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Күтiп-баптау кесулерiнiң қайталанылуы



бет115/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Күтiп-баптау кесулерiнiң қайталанылуы – бұл алқа ағашта қайтадан күтiп-баптау жүргiзiлетiн уақыт кезеңi, “нұсқауда” көрсетiлгендей, жарықтандыру және тазартпалы кесулер 2-5 жылды, сиретпелі кесулер 5-10 жылды және өтпелi кесулер үшiн 10-20 жылды құрайды.

Күтiп-баптау кесулерiн жылдам өсетiн, жоғары өнiмдi, жоғары толымдылықты, аралас және күрделi алқа ағаштарда, санитарлық жағдайы нашар алқа ағаштарда жиі қайталайды.

Күтiп-баптау кесулерiнiң қарқындылығы сүрекдiңнiң бiр мезгiлде кесіп сирету дәрежесiн көрсетедi және сүрекдiң жағдайына, пішініне, жасына, орман типiне, климат, экономикалық және басқа жағдайларына байланысты болады. Қарқындылық дәрежесi 2.2-кестеде көрсетiлген.

Б.А.Шустов күтiп-баптау кесулерiнен соң қалдырылатын ағаштар санын N, ағаш желегінің кескiнi диаметрiн К есепке ала отырып, мына формула бойынша анықтауды ұсынды:


N = 10000 / (0,865 × К2 )
В.Е.Удод ағаштардың оңтайлы санын алқа ағаштың негiзгi бөлiгiнiң орташа диаметрi бойынша анықтады:
N = 10.000 /(0,164 d √ d )
Л.А.Кайрюкштис және А.И.Юодвалькис – орман шымылдығының максимум мүмкiн ауданын Q2/га), тәуiр дамыған бiр ағаш желегінің көлденең кескiнiнiң оңтайлы алаңын S2) және желектің жабу пайызын Р есептей отырып, мына формуланы ұсынды:
N = Q/S (1- Р/100)
С.В.Белов қарағай және шырша ормандарының I класс бонитетi үшiн – салыстырмалы толымдылықты Р, сүрекдің жасын А және ағаш түрі коэффициентiн Кп есептей отырып, мына формуланы ұсынды:
Nопт = (40/А).1600Кп × Р
II класс бонитетi алқа ағашы үшiн формуладағы 1600 саны 1800-бен, III үшiн – 2000-мен ауыстырылады, қарағай орманы үшiн Кп = 0,8-1,00, шырша – 0,90-1,10 аралығында болады.

Әр 10 жыл сайын 10-нан 60-қа дейiнгi жаста Кп = 0,01-ге, 60-тан 140-қа дейiнгi жаста 0,02-ге кемітіледі.


Кесте 2.2 - Күтiп-баптау кесулерiнiң қарқындылық дәрежесiнiң көрсеткiштерi

Қарқындылық



Қарқындылық дәрежесi

нашар

бiрыңғай

(орташа)


күштi

өте күштi

Салмағынан кесуге дейiнгі пайызы бойынша

15-ке дейiн

16-25

26-35

35-тен жоғары

Ағымдағы өсiмінен пайызы бойынша

20-ға дейiн

21-40

41-60

60-тан жоғары

Толымдылығының (желек түйісуінің) төмендеуi

0,10-ға дейiн

0,11-0,15

0,16-0,20

0,20-дан жоғары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет