Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет27/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

1.3 ОРМАН – ТАБИҒИ ЖҮЙЕ
XIX ғасырдың өзiнде тiрi организмдердiң уақыт пен кеңiстiк бойынша бiртұтас ұйымдасқаны, олардың абиотикалық ортамен өзара байланысы туралы көзқарастар кең тарала бастаған.

К.Мебиус биологиялық қауымдастығы (биоценоз) туралы ұғым енгiздi, онда түрлер мен дарақтар жиынтығы тұрақты шектеуде және сұрыптала отырып, белгiлi аумақты үзiлiссiз иемденедi.

Орман жөнiндегi қазiргi ғылымның негiзiн қалаушы Г.Ф.Морозов – сүректi және басқа өсiмдiк организмдерi, сондай-ақ, жануарлар жағрапиялық орта өкiмiмен тiршiлiк ететiндер арасындағы заңды байланыстары туралы идеяны өмiрге бiртiндеп енгiзе бастады.

XX ғасырдың басында Ф.Клементстің, толық дамыған биологиялық қауымдастықтың өзiнше ең жоғары организмдi құрайды – деген көзқарастары кең көлемде белгiлi болды. Бұл биологиялық қауымдастық оны қоршаған өлi ортадан қалайда бөлектенген дегендi бiлдiрдi.

Содан кейiн белгiлi сыртқы ортаны мекендейтiн тiрi организмдер бiр- бiрiмен және қоршаған ортамен бiрегей физикалық жүйемен байланысқан деген ғылыми идеялар таныла бастады.

1935 жылы А.Тенсли осындай өзара байланыстағы кешендердi белгiлеу үшiн «экожүйе» терминiн ұсынды, мұнымен табиғаттың тұтас қосымша жүйелері ұғындырылды, мұнда организмдер, сондай-ақ, бейорганикалық факторлар бiршама тұрақты жағдайда тұрады, әрi жетекшi компонент өсiмдiк болып табылады.

Тiрi және өлi табиғаттың байланысы жөнiндегi ғылым үшiн В.И.Вернадскийдiң «биосфера» туралы iлiмiнiң маңызы зор.

Ол тiршiлiктiң абиотикалық ортаға (атмосфера, гидросфера, литосфера) даусыз әсерiн және осыған байланысты ерекше биологиялық жанама табиғи денелердiң, мысалы топырақтың қалыптасуын көрсеттi.

XX ғасырдың 40-жылдарының басында табиғи кешендердi басқару мiндеттерiн шешу кезiнде В.Н.Сукачев биогеологиялық қауымдастық (биогеоценоз) жөнiндегi iлiмнiң негiзiн жасады. Ол мынандай анықтама бердi: «Биогеоценоз – жер бетiнiң белгiлi тартылысында табиғи құбылыстардың (атмосфераның, тау жыныстарының, өсiмдiктердiң, жануарлар мен топырақ микроорганизмдерi дүниесiнің) және гидрологиялық жағдайлардың, олардың компоненттерінің өздi-өзімен, заттар мен қуаттардың бiр-бiрiмен қатынас түрлері және iшкi қарама- қайшылыққа тұрақты қозғалыста және дамуда болатын бiрлiктер жиынтығы».

Сонымен, биогеоценоз – бұл биоценоз құрайтын жанама орта – экотоп және тiрi организмдердiң биокостық жүйесi. Экотоп өз кезегiнде климатоп пен эдотоптан (топырақ-жер жағдайлары) құралады.

Биологиялық қауымдастық құрамына өсiмдiктер (фитоценоз), жануарлар (зооценоз) және микроорганизмдер (микробоценоз) кiредi. Олар екi трофикалық топтарды көрсетедi: автотрофтар – органикалық заттарды құрау үшiн күн қуатын пайдаланатын өсiмдiктер және гетеротрофтар – энергия ретiнде автотрофтар құрған органикалық заттарды пайдаланушы жануарлар, бактериялар, саңырауқұлақтар.

Биогеоценоз және экожүйе – өте жақын ұғымдар. Бiрақ, экожүйе мөлшерсiз құрылым ретiнде ұғындырылады. Бұл орман iшiндегi шiрiген түбiр, жеке ағаш және осы түбiр мен ағаш орналасқан өсiмдiк қауымдастығы (фитоценоз) болуы мүмкiн және т.б.

Биогеоценоз – өсiмдiк қауымдастығы шегiндегi экожүйе. Бұл тұрғыдан биогеоценоз – өсiмдiк жамылғысын, әсiресе, орманның аса қолайлы өлшем бiрлiгi.

Жүйеге кіру сыртқы қуаттың келуiн сипаттайды, ал керi байланыс бөлiктерi жүйенi орнықты тепе-теңдiк жағдайда ұстаудың қажеттi шарты болып табылады.

И.С.Мелехов (1980) бойынша, орман табиғи жүйе ретiнде мынандай ерекшелiктерімен:

1) күрделi кешендi ұйымдастырылуымен, организмдер мен қауымдастықтардың (ценоздардың) өзара байланыстылығымен, осы кешендегi организмдермен, ортаның бiрлiгiмен;

2) динамикалық тепе-теңдiкпен, орнықтылығымен, орман қауымдастығының барлық бiрлiгi ұзақ даму (эволюция) және табиғи iрiктеу нәтижесiнде жасалғанымен;

3) жоғары қабiлеттiң қалпына келуiмен және жаңаруымен;

4) энергия мен заттың ерекше теңдiгiмен, тұрақты биологиялық айналымымен және алмасуымен, сонымен қатар, заттардың биогеоценоздардан шығуымен, олардың қосылуымен;

5) процестердiң динамикасымен, орманның орнықтылық пен тұрақтылыққа талпынысымен, күрделi қарама- қайшы өзара ықпалымен;

6) жағрапиялық шарттылығымен сипатталады.

Табиғат жүйелерiнiң соңғы ерекшелiгiне назар аудару қажет. Жағрапиялық шарттылық белгiлi бір мөлшерде экожүйелердiң (биогеоценоздардың) қайталанбастығын алдын ала анықтайды. Бiрақ олардың қасиеттерiн зерттеу, дамуын болжау, адамның жасампаз қызметiн ұйымдастыру үшiн сипаттамалары бойынша жақын биогеоценоздар түрлерге (мысалы орман түрлерiне) және басқа сапалық жағынан ұқсамайтын топтарға, кластарға бiрiгуi мүмкiн.

Экожүйелердiң тұтастық қасиеттерiн зерттеу құрылымдардың және олардың функцияларының болжам сипатты қасиеттерiне қарай үлкен қияншылықтармен ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет