1.5.6 Ормандағы жарықтануды реттеудiң орманшылық әдiстерi. Көптеген орманшылық шаралары ормандағы жарықтануды реттеуге және онда жарықтану режимін құруға негiзделген, олар сүректi өсiмдiктер өсуiнiң түрлi кезеңдерiнiң талаптарына сай келедi.
Жекелеген ағаштардың жуандығының өсуiн көбейтуге немесе ескi орман астында өскiн пайда болу үшiн қалың орманды сиретуге болады.
Әр түрлi ағаш түрінiң топтанған өскiнiн алу үшiн орман шымылдығында ашық жерлер жасайды; жетiлген орманды жаппай кесу арқылы жас өскіндердің өсуiн жақсарту үшін радиацияны толық пайдалануға болады.
Балауса ағаштардың биiктеп өсуi үшiн және биiк, түзу және толық сүрекдiңдер құрау үшiн жанамалап көлеңкелеу қажет.
Жас және орта жастағы сүрекдiңдерге күтiп-баптау кесулерi арқылы ағаштардың қалған бөлiгiне түсетiн жарықты көбейтiп қана қоймай, ылғал мен қоректiк заттарды көбейтедi, өз кезегiнде ол өсiмнiң көбеюiне жағдай тудырады. Жарықтануды реттеудiң орманшылық әдiстерiне, сонымен бiрге, орман құрамын қалыптастыру да жатады.
Көлеңкеге төзiмді ағаш түрлерін және жарық сүйгiштердi қоса отырып, орман шымылдығы астына түсетiн жарық көлемiн ұлғайтуға болады.
Күтiп-баптау кесулерi кезiнде қажеттi жарықтану қарқынына сүрекдiңдердi сирету көмегiмен жетуге болады.
Сұрақтар
1. Жарықтың орман тіршілігіндегi маңызы неде?
2. Ағаш түрлерінің жарыққа қатысы қандай?
3. Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгiн сыртқы белгiлерi бойынша қандай әдiстермен анықтайды?
4. Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгiн құралдармен анықтаудың қандай әдiстерi бар?
5. Жарық сүйгiштiк шкалаларын атаңыз.
6. Жарықтың сүрек өсiмi мен сапасына әсерi қандай?
7. Ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігі мен көлеңкеге төзімділігі орманшылық үшін қандай маңызы бар?
8. Орман шымылдығы астындағы емен, қарағай, шырша өскіндері үшін жарықтың әсері қандай?
9. Жоғары сапалы сүрек алу үшін, орманды күтіп-баптау кесулері кезінде екінші дәрежелі ағаштардың барлығын кесіп тастауға бола ма?
10. Физиологиялық белсенді радиация дегеніміз не және оның қарқындылығы жарық сүйгіш пен көлеңкеге төзімді ағаш түрлерінің фотосинтез өнімділігіне әсері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |