1.8.2 Көмiрқышқыл газының маңызы. Ол фотосинтез үшiн негiзгi, әрі бастапқы зат болып табылады (бір күн бойы 1 га орманның орташа есеппен 120-150 кг жаңа құрғақ өсiмдiк массасын (фитомасса) құрайды және осы уақытта 220-275 кг СО-ні сiңiредi). Ағаштың құрғақ затының 40-50 пайызы көмiртегiден тұрады. Атмосфераның жер төңiрегi қабатында шамамен 0,03 пайыз СОболады.
Тәулiк және жыл бойы орманда көмiрқышқыл газының шоғырлануы, оның бiрқалыпты пайдаланылмауына байланысты, әрі жер бетінің биiктiгiне қарай өзгерiп отырады. СО-ның ең аз мөлшерi ағаш желегі маңында жаз кезiнде байқалады. Күзде оның мөлшері жоғарылайды. СО-ның ең көп шоғырлануы ауаның топыраққа жақын қабатында, ең аз мөлшері ағаштардың желек астында байқалады. СО-ның ауаның топыраққа жақын қабатында шоғырлануы сүрекдiң ағаш түріне, жасына, желектің түйісуіне, орман түрiне, желдiң жылдамдығына, жер бедерiне, топырақтың ылғалына тікелей байланысты. Желдiң жылдамдығы 2-3 м/сек болғанда, фотосинтездiң қарқыны екi есеге өседi, жел жылдамдығының онан әрi күшеюi оған керi әсерiн тигiзедi.
Орман өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында атмосфералық ауадағы көмiрқышқыл газын реттеуге бағытталған көптеген әдiстер (топырақты өңдеу, тыңайту және әктеу, оның желденуiн жақсарту, жел режимiн және шымылдық құрылымын өзгерту және басқалар) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |