1.11.4 Орманның вегетациялық жаңаруы. Ағаш түрлерінің вегетациялық табиғи жаңаруы түбiр өскiнi, тамыратпа бұтақтары мен сұлатпа сабақтары арқылы болуы мүмкiн.
Түбiр өскiнiмен емен, шаған, қайың, үйеңкі, жөке, қарағаш, қара қандыағаш жақсы көбейсе, әсiресе, көктерек ұзақ уақыт тамыратпалары арқылы жақсы өседi. Майқарағай, шырша, жөке, татар үйеңкiсі және көптеген бұталар (орманжаңғақ, өгейбұта, қарақат, т.б.) сұлатпа сабақтар арқылы көбейедi.
Түбірөркенмен өскен ағаштар мен орманның негiзгi ерекше белгiлерi:
1) түбірөркеннің ұялы орналасуы;
2) дiңнiң төменгi бөлiгi семсер тәрiздi иiлуі;
3) тамырлардың бiржақты шоғырлануы;
4) алғашқы жылдары тез өсуi (қайыңның түбірөркені 10 есе, көктерек 15 есе, үйеңкі 30 есе өркеннен жылдам өседі);
5) жапырақтарының мөлшерi және пішіні;
6) аналық түбiрлерiнiң немесе олардың қалдықтарының болуы;
7) бiр жылдық сақиналар енi ортасынан шетiне қарай кiшiрейуi;
8) ағаш желегінің бiржақты дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |