Д. Т. Курманова, З. А


Тәрбие процесінің ерекшеліктері



бет52/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

11.3. Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше. Тәрбиелік іс-әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:


  • тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;




  • оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал жасайды;




  • оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) пайдаланылады.

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық : оқу барысында шәкірт әртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.


Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:

  • мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі);




  • мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);




  • нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);




  • көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.




  • ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).




  • үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);







  • баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);




  • екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);




  • тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; - тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);




  • қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).

Тәрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тәрбие процесінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған әдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың әлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, әрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет тәжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі және т.б.


Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға болады: тәрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет