Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді:
Желбезекаяқтылар класс тармағы - Branchiopoda
Желбезекаяқты шаяндар отряды Anostraca
Жапырақаяқты шаяндар отряды Phyllopoda
Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca
Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы Conchostraca
Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы Cladocera
ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA
МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАЕЫ - MAXILLOPODA
Мистакокаридалар отряды Mystacocarida
Ескекаяқты шаяндар отряды Copepoda
Тұқы балық биттер отряды Branchiura
Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia
Қапкеуделі шаяндар отряды Ascothoracida
БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАЕЫ-OSTRACODA
ЖОҒАРЕЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАЕЫ - MALACOSTRACA
Жұқасауытты шаяндар отряды Leptostraca Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda
Мизидалар отряды - Mysidacea
Эуфаузиялар отряды Euphausiacea
Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda
Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды Amphipoda
Онаяқты шаяндар отряды Decapoda
ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАЕЫ - BRANCHIOPODA 700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі (протоцефалон) және кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы бөлігі ашалы (furca). Дамуы метаморфоз жолымен өтеді, личинкалары науплиус, метанауплиус.
Екі отрядқа бөлінеді: желбезекаяқтылар - Anostraca және жапырақаяқтылар Phyllopoda.
Желбезекаяқты шаяндар отряды – Anostraca Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальды сегмент), жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальды және фасеттік көздері бар қарапайым шаян-тәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады .
Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыс-тары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қой-малары лиман, ащы көлдерде мекендейді . Жұмыртқа-лары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде, Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін пайдаланады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшы-ғына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су агынымен аса қашық жерлерге таралады.