Дафния, циклоп, креветка, өзен шаяны, краб шаянының құрылысындағы ерекшеліктері. Орындаған: Турлықожа Нартай Илиясұлы


Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді



бет3/7
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#193796
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турлықожа Н.И.

Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді:
  • Желбезекаяқтылар класс тармағы - Branchiopoda
  • Желбезекаяқты шаяндар отряды Anostraca
  • Жапырақаяқты шаяндар отряды Phyllopoda
  • Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca
  • Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы Conchostraca
  • Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы Cladocera
  • ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA
  • МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАЕЫ - MAXILLOPODA
  • Мистакокаридалар отряды Mystacocarida
  • Ескекаяқты шаяндар отряды Copepoda
  • Тұқы балық биттер отряды Branchiura
  • Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia
  • Қапкеуделі шаяндар отряды Ascothoracida
  • БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАЕЫ-OSTRACODA
  • ЖОҒАРЕЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАЕЫ - MALACOSTRACA
  • Жұқасауытты шаяндар отряды Leptostraca Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda
  • Мизидалар отряды - Mysidacea
  • Эуфаузиялар отряды Euphausiacea
  • Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda
  • Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды Amphipoda
  • Онаяқты шаяндар отряды Decapoda

ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАЕЫ -
BRANCHIOPODA
700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі (протоцефалон) және кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы бөлігі ашалы (furca). Дамуы метаморфоз жолымен өтеді, личинкалары науплиус, метанауплиус.
Екі отрядқа бөлінеді: желбезекаяқтылар - Anostraca және жапырақаяқтылар Phyllopoda.
Желбезекаяқты шаяндар отряды – Anostraca
Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальды сегмент), жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальды және фасеттік көздері бар қарапайым шаян-тәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады .
Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыс-тары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қой-малары лиман, ащы көлдерде мекендейді . Жұмыртқа-лары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде, Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін пайдаланады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшы-ғына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су агынымен аса қашық жерлерге таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет