Дафния, циклоп, креветка, өзен шаяны, краб шаянының құрылысындағы ерекшеліктері. Орындаған: Турлықожа Нартай Илиясұлы


Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda



бет4/7
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#193796
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турлықожа Н.И.

Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda
Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы - карапакстың дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.
Phyllopoda отряды үш отряд тармагына бөлінеді: қалңанды шаяндар Notostraca, бақалшақтьі жапырақаяқты шаяндар Conchostraca және бүтақмүртты шаяндар немесе су бүргелері Cladocera.
Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca
Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, баскеуде бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте қысқа, мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа дейін) сегментті, алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 4-6 жұп аяқтары болады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа буынаяқтыларда кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке дейін. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады.
Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Қорек барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасымалданады. Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді: популяциядағы 1000 аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес келеді. Қалқандылар ұсақ, жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында мекендейді және жиі аяқ астынан көп мөлшерде қатты жаңбырлардан кейін жиналған суларда дамып шығады. Жұмыртқалары желбезекаяқ-тылардікіндей, кебуге, тоңазуға төзімді және желмен ұшып таралады.
Notostraca-ныц 9 туысы белгілі. Негізгі өкілі: көктемгі щитень - (Lepidurus apus), 12 мм-ге дейін өседі, өмір бойы жануар 17 рет тулейді. Кәдімгі щитенъ -(Triops cancrifomis), ірі -7,5 см-ге дейін жетеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет