Тармақты мұртшалы шаяндардың маңызы Балықтардың шабақтары мен ересек түрлерінің негізгі қорегі. Мысалы, дафнияның денесінде нәруыз мөлшері 50 %- ға, май 11%-ға жетеді;
Қоректік маңыздылығына байланысты дафнияларды қолдан өсіріп, балық зауытында бекіре, албырт балықтарының шабақтарын қоректендіреді
.Дафнияның тіршілік әрекеттерінің өзгерістеріне қарап, судың ластығын анықтайды.
Циклоптар (лат. Cyclopoida)– ескекаяқты шаянтәрізділер отрядының циклоптар отряд тармағына жатады. Олар тоқтау суларда, ірі көлдерде, судың беткі және ортаңғы қабаттарында тіршілік етеді.
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Кіші жамағаты: Шаянтәрізділер
Табы: Максиллоподалар
Кіші табы: Ескекаяқты шаянтәрізділер
Сабы: Cyclopoida
Burmeister, 1834
Сипаттамасы Денесі баскөкірек пен құрсаққа айқын бөлінген. Көкірек бөлімі 5 бунаққа, құрсақ бөлімі 4 бунаққа бөлінген. Көкірек бөлімінде 4 жұп аяқтары бар. Бесінші жұбы түрөзгеріске ұшырап, жойылып кеткен. Аяқтарының көмегімен қозғалады: артқа, алға, бір бүйіріне қарай. Бұл қозғалыстар қорек аулауын жеңілдетеді. Желбезектер болмағандықтан, бүкіл денесімен тыныс алады.
Көбеюі Циклоптар дара жынысты. Аналық циклоптың құрсағының екі жағында жұмыртқа қалталары болады. Осы қалталарда жұмыртқалар дамиды. 6 аяқты дернәсілдер дамығанша ересек циклоптың денесіне жабысып тұрады.
Таралауы Циклоптардың ішінде жыртқыштары да, өсімдікпен қоректенетіндері де бар. Қазақстанда өсімдікпен қоректенетіндері кең таралған. Олар жасыл және көк-жасыл балдырлармен қоректенеді. Жыртқыш циклоптар паразит құрттардың дернәсілдерімен және ұсақ шаяндармен қоректенеді. Су тартылып қалғанда, мұз қатқан жағдайда циклоп бездерінен бөлінген сұйықтыққа оранып, қатты қорғаныштық қабық түзеді. 3 жылға дейін тіршілігін сақтап қалады. Суда оттек азайса да, күкіртті сутек көбейіп кетсе де тіршілігін жоймайды. Осы қасиеттеріне байланысты циклоптар кең таралған.
Креветка - он аяқты шаян тәріздестер отрядына жататын жеуге жарамды шағын теңіз шаяны. Құрамында белок және миреналдық заттар мол. Сонымен бірге адам организміне қажетті амин қышқылдары бар.Беті бұдырлы, кеуекті омырылғыш құрылымды болады.
Өзен шаяны деп жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің онаяқты отрядына жататын Astacidae, Cambaridae, Parastacidae тұқымдастары өкілдерін атайды.