Дақылдың маңызы ІІ негізгі бөлім


Биологиялық ерекшеліктері



бет2/5
Дата07.12.2022
өлшемі239 Kb.
#161669
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz

Биологиялық ерекшеліктері
Жүгері желмен тозаңданатын өсімдік . Өсу-даму кезеңі 70-180 тәулікке жетеді. Өскін пайда болғаннан кейін 3-4 жұма бойы жүгері баяу өседі. Осы кезде жақсы баптап күту қажет және уақытында арамшөпті жою қажет, себебі өскіндерді арамшөптер басып кетеді, нәтижесінде жас өсімдіктерге үлкен зиян келтіріп қоймайды сонымен бірге олардың одан әрі өсуіне және дамына кері әсерін тигізеді. Жүгерінің қарқынды өсуі буынаралықтың өсуінен шашағының жапырақ қолтығынан шығуына дейін жалғасады. Шашақтануына дейін 10күн және гүлдеуінен 20 күн өткенге дейін өсімдік органикалық заттардың 75% құрастырады.
Жүгері – жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 8-100С өне бастайды. Бірақ бұл температура біркелкі және мықты өскін алу үшін жеткілікті емес. Жүгеріні аса жылымаған топыраққа сепсе тұқымның басым бөлігі ауруға шалдығып, өліп қалады, нәтижесінде өскіндер сирек және әлсіз болады. Өскіннің пайда болуы үшін оңтайлы температура 16-200 С, өсімдіктің өсуі және дамуына 20-280С температура 120С дейін төмендесе өсімдіктің өсуі баяулайды, сарғаяды жіне ауруға шалдығады. Температура 30С төмен болса жүгері өскіні өліп қалады.
Тез пісетін сорттарының пісіп –жетілуіне 1800-2100 0С, кеш пісетіндеріне 2500-30000С белсенді температура жиынтығы қажет.
Жүгері құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Ол ылғалды үнемді пайдаланады және бір өлшем құрғақ зат қалыптастыруға, басқа астық дақылдармен салыстырғанда суды азырақ шығындайды. Оның транспирациялық коэффиценті 170-406 , бірақ бір өлшем жерден , бірақ басқа астық дақылдарына қарағанда едәуір жоғарырақ өнім қалыптастыратындықтан жүгеріге молырақ су қажет. Өсу-даму кезеңінде бір гектар егістіктен 3000-6000м3 су шығындайды. Өскін пайда болғаннан түтікке шыққанша жүгері ылғалды аз пайдаланады, содан кейін оған деген талабы арта түседі. Оның суды ең көп шығындайтын кезеңі шашақтанудан 10 күн бүрын және шашақтанғаннан 20 күн өткен аралық . Осы кезеңде су тапшылығы өнімнің күрт төмендеуіне әкеледі.
Агротехника деңгейі жоғары болғанда жүгері топырақ және ауа тапшылығына біршама төзе алады. Мұны ылғалды мол пайдаланатын кезеңде жүгерінің жақсы дамыған, өсімдікті терең қабаттан сумен қамтамасыз ететін тамыр жүйесі болатынымен түсіндіріледі. Сонымен бірге жүгері ауадан су буын қосымша қор ретінде пайдалана алады. Бірақ жүгері құрғақшылыққа төзімділігі бойынша тары мен шай жүгеріден кейін тұрады.
Топырақтың ең төмен сыйымдылығы 75-80% деңгейінде болғанда тамыр жайылатын қабатта жүгері үшін дымқылданудың оңтайлы жағдайы қалыптасады.
Жүгері жарық сүйгіш, қысқа күндік өсімдік. Күннің жарығы, әсіресе өсімдіктің жастық шағында, оның өсуіне және дамуына жақсы ықпал жасайды. Егістіктің тым жиілігі, арамшөп басуы өсу процесіне тежегіш әсер етеді: жеміс бойлану мүшесінің қалыптасуы тежеледі, аталық және аналық гүл шоғырларының гүлдеу кезеңлері қабыспайды және жеміссіз ө сімдіктердің саны аса түседі. Жүгерінің агротехникалық шараларын әзірлегенде мұны ескерген жөн. Ұзақ күн жүгерінің өсуін ұзартса, қысқы күн-қысқартады.
Жүгері топырақ құнарлығына зор талап қояды және тыңайтқышқа өте ықыластылық көрсетеді. Ол ең мол өнімін құнарлы топырақтарда агротехника деңгейі жоғары болғанда береді.
Құрылымды қара топырақта және күңгірт қоңыр торырақта жүгері сәтті келеді, сондай-ақ құнарлылығы жоғары және ауа өткізгіштігі жеткілікті өзен арнасының топырақтарында да . Бұл дақылдың жоғары өнімін топырақ ауасында оттегінің мөлщері 18-20% кем болмағанда алады. Ол үшін торыпақ тығыздығы 1,2-1,3 г/см3оңтайлысын алады.
Жүгері өсірілетін топыраққа толығымен қажет мөлшерде органикалық және минералды тыңайтқыш енгізілген болу керек: өңдеу қабаты терең, жақсы құрылымды, қажетті мөлшердегі ылғал қоры мен қоректік заттары болғаны дұрыс. Бұл дақыл үшін топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарапқа жуық болғаны pH6,5-7,5 жақсы . Қышқыл, сортаң және батпақтануға бейім топырақтар жүгеріні өсіруге жарамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет