Допты қақпаға кіргіз.
Мақсаты: ұзақ бағытталған ауа ағының істеп шығару.
Қысқа бейнелеу: ерінді алға қарай шошайта созып, мақта шаригін ұзақ үргізіп екі кубиктін арасына кіргізеді ( шарик үстелде баланың алдында жатады).
Әдістемелік нұсқау:
Бетке жел толтырмауды қадағалау, ол үшін сәл саусақтармен ұстап тұруға болады.
Шарикті бір деммен кіргізу, ауа ағыны үзілмеу керек;
Бағынбайтын тілді жазала.
Мақсаты: Тіл еттерін бағынышты етіп, кең түрде жалпийтып ұстауға үйрету;
Бейнелеуі: Ауызды кішкене ашып, тілді астынғы ерінге салу керек. Ерінді еппен қимылдатып, мынадай дыбысты шығару керек: «пя-пя-пя». Жалпақ тілді қалыпты жағдайда ұстай отырып, ауызды ашып, 1-10 дейін санау.
Достарыңызбен бөлісу: |