ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ – тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми – сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпығатаратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ – тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті.
Президент 1998 жылдың 3 – шілдесінде БАҚ – ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды.
Осы жылғы 28 – тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ – тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды.