Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3 – желтоқсанда « Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:
1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру. 2. Отандық және мемлекеттік – бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
3.Ақпараттық – телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу. Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ – тың одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады