10. Сот үкімімен «қылмысты», «айыпты» яки «кінәлі» саналмайынша ешкімді қылмысты, айыпты, кінәлі деп жариялауға болмайды.
11. Журналист ақпарат көзін жасырын (аноним) сақтауға құқықты. Бірақ, қоғамдастықтың пікіріне экономикалық, саяси немесе жеке басының мүддесі тұрғысынан қысым жасау мақсатымен таратылған ақпараттардың көзін айтуға міндетті.
12. Журналист өзінің кәсіби міндеттерін журналистиканың абырой-беделіне дақ түсірмейтін әдістермен жүзеге асыруға міндетті.
13. Журналист қатыгездік пен зорлық-зомбылықты уағыздайтын, сонымен қатар адами құндылықтарды рәсуа қылатын ақпараттарды таратпайды.
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын жарнамалар да жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес болуы керек.
15. БАҚ қате таратылған мәліметтерді түзету міндетін орындайды»
Конституция мен заңдарымызда кепілдік берілген құқықтарды жүзеге асыру және мемлекет пен қоғамның мүдделерін сақтау үшін мына жәйттерді ескерген жөн:
1. Мүмкіндік болса, жоғарыда аталған кәсіби қағидаларды құқықтық актімен (адвокаттық, нотариустық қызметтегіндей) бекіткен дұрыс болар еді. Немістер 1516 жылы «Reinheitsgebot» (сыраның тазалығы туралы) заңды қабылдаған. Біз болсақ, ХХІ-ғасырда баспасөздің құқықтары туралы айта береміз де оның міндеттері мен жауапкершіліктері туралы мардымды іс істемейміз.
2. Заңдарымызда бұқаралық ақпарат құралдарының жауапты редакторы (бас редактор), қызметкерлері уә меншік иесінің жауапкершіліктері толықтай айқындау қажет.