Дайындаған: Мұханбетқалиева Әзима Тексерген: Джакупова Чинара Тақырыбы


Осылайша, эмоционалды интеллект мыналарға әсер етеді



бет2/3
Дата29.09.2023
өлшемі120,79 Kb.
#183060
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Әзима психология срс 4

Осылайша, эмоционалды интеллект мыналарға әсер етеді: Мектептегі үлгерім және жұмыстағы өнімділік. Эмоционалды интеллект сізге жұмыс орнындағы күрделі әлеуметтік қатынастарды бағдарлауға, көшбасшы болуға, сондай-ақ мансапта жетістіктерге жетуге көмектеседі. Көптеген компаниялар үміткерлердің эмоционалды интеллектісін сұхбат кезінде бағалайды, оны кәсіби құзыреттіліктен кем емес сипаттама деп санайды. Денсаулық. Егер сіз эмоцияларыңызды басқара алмасаңыз, онда сіз стрессті басқара алмайсыз. Бұл денсаулықтың күрделі мәселелеріне әкелуі мүмкін. Бақыланбайтын стресс қан қысымын көтереді, иммундық жүйені басады, инфаркт қаупін арттырады, бедеулікке ықпал етеді және қартаюды жеделдетеді. Психикалық жағдай. Бақыланбайтын эмоциялар мен стресс психикалық денсаулыққа әсер етеді, бұл сізді мазасыздық пен депрессияға әкеп соқтырады. Егер сіз өзіңіздің эмоцияларыңызды басқара алмасаңыз, сіз тұрақты қарым-қатынас орната алмайсыз. Нәтижесінде, жалғыздыққа тап боласыз.
Эмоционалды интеллектті қалыптастыруға не көмектеседі?
Өзін-өзі тану
Сіздің ашу-ызаңызды, қайғыңызды, қорқыныш пен қуанышты қабылдау қабілетіңізге өмірлік тәжірибеңіз тікелей әсер етеді.Өзіңізге бірнеше сұрақ қойыңыз:-Эмоциялар асқазан, тамақ немесе кеуде жүйесіне физикалық әсерін тигізе ме? -Мимикаңызда айқын көрінетін сезімдерді бастан кешірдіңіз бе?
-Басқалардың және өзіңіздің назарыңызды толық аударатын күй кешіп көрдіңіз бе?
-Шешім қабылдағанда эмоцияларыңызды басқара аласыз ба?
Сұрақтарға жауап беру арқылы эмоцияңызды басқару деңгейін анықтаңыз. Өзіңізді тануға бір қадам жақындататын әдіс-тәсілдер:
-Зейінділікке баулу. Зейінді көбінесе буддизмде медитациямен байланыстырады, дегенмен, әлемдік діннің басым түрі оны дұға етумен жүзеге асырады. Бұл мазасыздықты жойып, мінезді тәрбиелейді, тыныштық күйін сыйлайды.-Күнделік жазыңыз. Әр күннің соңында сізге не болғанын, өзіңізді қалай сезінгеніңізді және қиындықтарды қалай шешкеніңізді жазыңыз. Мерзімді түрде қайта қарап, жағдайларды талдаңыз, қорытынды жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет